Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібі — қатаң бақылауда

Дата: 09 января 2019 в 11:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Облыстың мемлекеттік органдарындағы атқарушылық тәртіп мәселелері облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында қаралды, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Онда облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржауған Қалауовтың 2018 жылғы атқарушылық тәртіп бойынша істің жалпы ахуалы туралы баяндамасы тыңдалды.

Баяндамашының айтуынша, алдындағы жылмен салыстырғанда мемлекеттік органдар жұмысындағы атқарушылық тәртіптің жалпы деңгейі елеулі түрде өскен. Тәртіп бұзушылықтар екі есе дерлік азайған. Алайда есепті кезең ішінде кейбір тапсырмалардың дер кезінде орындалмауына және орындалу сапасының төмендеуіне жол берілген жағдайлар кездесті.

Нұржауған Қалауов орындаушылық тәртіпті босаңсытқан мемлекеттік органдар басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды. Оны облыс әкімі қолдады. Нәтижесінде ескерту түріндегі тәртіптік жаза облыстық дене тәрбиесі және спорт, құрылыс, кәсіпкерлік басқармаларының басшыларына, Ырғыз және Әйтеке би аудандарының әкімдеріне берілетін болды.

Ескертпе түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тапсырмалардың орындалуына бақылау жасайтын Ақтөбе қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғасы, облыстық денсаулық сақтау, жолаушылар көлігі және автожолдар, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары тартылмақшы.

Атқарушылық тәртіптің бұзылуына көп жол берген облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басқармасына сөгіс жарияланады.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібіне бақылауды күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылданды.