Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Түлектер өткізген турнир

Дата: 09 января 2019 в 10:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Жуырда №6 Хромтау гимназиясында шағын футболдан Нұрланбек Сауановты еске алуға арналған турнир өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына Нұрланбек Сауановтың анасы, бауырлары және достары қатысты. Аталған жарыс Бөгетсай ауылының әр жылғы түлектері арасында өтті. Оған барлығы 8 команда қатысты.

Жарыстың басты мақсаты — Нұрланбек Азизұлын еске алу және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жарысқа барлық командалар жақсы дайындықпен қатысып, қызықты ойын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Бөгетсай ауылының 1996-1997 жылы туған түлектерінен құралған команда І орынды жеңіп алды. ІІ орынды 1993 жылы туған түлектердің командасы иеленсе, ІІІ орын Бөгетсай ауылының 1991 жылы туған түлектеріне бұйырды. Жарыс соңында Хромтау балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Р.Ерғазин, Нұрланбек Сауановтың досы А.Исмағұлов жарысқа қатысушыларды құттықтап, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Ләззат ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.