Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Алматыдағы жол апаты: Актриса Айзада Сатыбалдиеваның жағдайы белгілі болды

Дата: 31 декабря 2018 в 16:13 Категория: Новости культуры


Алматыдағы жол апаты: Актриса Айзада Сатыбалдиеваның жағдайы белгілі болды

Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен актриса Айзада Сатыбалдиеваның жағдайын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Науқас Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр», — деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лейла Кеңесбаева. 

Айта кетейік, 29 желтоқсанда таңғы уақытта Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында болған жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты, олар: Mitsubishi Galant жүргізушісі мен екі жолаушысы. Аман қалған жалғыз адам Айзада Сатыбалдиева — Әуезов атындағы драма театрының актрисасы. 


Сол жақта. © instagram.com/aizada1977

Айзада Сатыбалдиева — 2018 желтоқсанында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған. Темірбек Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет  институты театр факультетінің муздрама  бөлімін оқып бітірген. 2009 жылдан бері Әуезов драма театрының актерлер құрамында.


© instagram.com/aizada1977

Театр сахнасында «Қарагөз», «Қилы заман», «Қожанасыр тірі екен», «Жаужүрек», «Тендерге түскен келіншек», «Қаракемпір» және тағы да басқа спектакльдерінде басты және қосалқы рөлдерде ойнаған.

Еске салайық, бұл жол апатынан актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы Динара және жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапқан еді. Оқиға болған күннің ертесі жол-көлік оқиғасының бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеосы пайда болды. Видео кадрларына қарағанда, Mitsubishi Galant бағдаршамның жасыл түсі жанғанда Сейфуллин бойымен қозғалысты бастаған, осы сәтте Абайдың бойымен асқан жылдамдықпен келе жатқан Mercedes Gelandewagen оны соғып өткен. Жеңіл көлік соққыдан бірнеше метрге дейін ұшып кеткен. 

Mercedes Gelandewagen жүргізушісі оқиға болған жерден қашып кеткен. Алайда кеше, 30 желтоқсанда оны полицейлер ұстаған. Кейін оның мас болғаны анықталды.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями