Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Тиімді жұмыс жасау

Дата: 07 декабря 2018 в 10:42


Осы жылы Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының экологтары алғаш рет кәсіпорынның қож үйінділерінде шаңды басу реагенттерге алғаш рет өнеркәсіптік сынақтар жүргізді. Сондай-ақ, ауқымды экологиялық бағдарлама шеңберінде компания жылжымалы зертхана және басқа да заманауи жабдықтарды сатып алған. Жыл басынан бері зауыт табиғатты қорғау шараларын іске асыруға екі миллиардтан астам теңге жұмсады.

Кәсіби шеберлер бақылауында

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты  – ірі өнеркәсіптік нысандардың, сәйкесінше Ақтөбе облысындағы табиғатты пайдаланушылардың бірі. Сондықтан да кәсіпорынның қоғам мен мемлекеттік органдардың ерекше назарында екендігі сөзсіз. Бүгінгі күні «Қазхром» ТҰК» АҚ ірі өнеркәсіптік топтың құрамына кіретін басқа да бөлімшелер сияқты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «жасыл экономикаға» көшу  бағытына қолдау көрсетуде. Зауыт басшылығы «жасыл жаңартуға» белсене атсалысуда және оны мұны өзінің қызметімен дәлелдеп келеді. Мәселен, соңғы үш жылда кәсіпорын табиғатты қорғау шараларына 4,5 млрд. теңге жұмсады.

– Біз қоршаған ортаны қорғау мониторингі менөндіріс қалдықтарын, су ресурстарын, топырақ қабатының күйін басқару бойынша өндірістік экологиялық бақылауды үнемі жүргіземіз, – деді АқтФЗ қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекшісі Татьяна Самойленко. – Табиғатты қорғау бағдарламасы бойынша негізгі бағыт – атмосфералық ауағаәсерін төмендету, сонымен қатар қожды қаттау және өндіріс қалдықтарын орналастыру мәселелерін тиімді шешу.

«Қазхромның» экологтары біртіндеп жабдықтарды жаңартып, мониторинг саласындағы заманауи цифрлық технологияға өтуде. Биылғы жылдың басында зауыт «Атмосфера-2» жылжымалы зертханасын сатып алды. Бұл тек зауыт аймағында ғана емес, сонымен қатар санитарлық қорғау аймағындағы ең қиын жерлердегі ауа бассейніне мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін мүмкіндігі жоғары жылжымалы толыққанды зертхана. Экологтардың жұмыс тиімділігін арттыру үшін бір уақытта 6 газға дейін өлшеуге болатын Полар Т және бір аспапта 25 зиянды заттектердің бірінің шоғырлануын үздіксіз бақылауға арналған ГАНК-4газталдауыштар сатылып алынды.

Мақсат — экологияға қамқор болу

2018 жылы жазда АқтФЗ қоршаған ортаны қорғау басқармасының зертханасы МЕМСТ стандартының талаптарына сәйкес инспекциялық тексеруден ойдағыдай өтті және қоршаған ортаны қорғауға олардың жаппай көзқарасы қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Шу және шаңды басу

АқтФЗ экологтары жыл сайынғы іс-шараларды шаңды мейлінше басуға бағдарлайды. Мысалы, «Шолақсай – Южный» карьеріндегішаң басу алаңы 53,7 га. Сонымен қатар, зауыттың автожолдарында шаң басу жұмыстары үнемі жүргізіледі.

– Биылғы жылы біз шаң басу бағдарламасын күшейттік және ERG ғылыми-зерттеу инжиниринг орталығымен бірлесіп алғаш рет зауыттағы қож үйіндісінің шаңын басу реагенттеріне өнеркәсіптік сынақ жүргізді – деді эколог. — Әртүрлі реактивтерге бағалау жүргізу үшінсарапшыларды ұсынатын жеті мамандандырылған компанияларды шақырдық. Осы реактивтермен сынақтарды біз тікелей қож үйінділерінде әрбір учаскені белгілей отырып жүргіздік. Қождың беті ұзақ мерзімге қабық болып қатып қана қоймай, сонымен қатар өңдеуден кейін машинаның салмағын көтеру, қыс және жаз кезіндегі температура ауытқуларына да шыдауы керек.Сынақ ойдағыдай өтті, қыркүйек айының аяғында бақылау сынамасы болып, оның нәтижесі бойынша компаниялармен ұсынылған үздік реагенттер анықталды. – Қож үйіндісінің үстіңгі қабатын өңдегеннен кейін учаске бетондалып тастағандай болды, ешқандай шаң көтерілу байқалмады, – деді шабыттанған эколог. – Бұл әсердің ұзақ уақыт сақталатындығы қуантады. Бүгінгі күні жүргізілген сынақтардың нәтижелері шығарылуда, ол бойынша одан әрі шаң басу жұмыстарын жүргізу қызметін жеткізуші анықталатын болады.

Бұлжытпай орындау саясаты

Қоршаған ортаға барлық ықпал етуші факторлармен күресуде экологтарға Ақтөбе ферроқортпа зауытының энертетикалық қамтамасыз ету басқармасының мамандары атсалысып келеді. Олар алдын алу іс-шараларын жүргізеді және зауыттың шаң қағу қондырғыларына қызмет көрсететінаспирациялық қондырғыларға жөндеу жасайды. Қызметтің міндеті апатты жағдайдың алдын алу, жеңдік сүзгілерді уақытша ауыстыру және қоршаған орта эмиссиясын төмендету мен тазалаудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге негізделеді.

– Біздің зауытта қолайсыз метеожағдайдың туындау кезеңіне үш сатылы іс-шаралар әзірленген, – деп сөзін жалғастырды Татьяна Александровна. – «Қазгидромет» тәулік бұрын туындайтын метеожағдай туралы хабарлайды.

Татьяна Александровна Ақтөбе ферроқортпа зауытының табиғатты қорғау қызметіне едәуір қаражат бөлінетінін, сондықтан экологтар қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын жүргізуден қаражат аямайтынын айтты.

Осылайша, соңғы үш жылда табиғатты қорғау іс-шараларына зауыт 4,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді.

АқтФЗ сапа, еңбекті қорғау және денсаулық менеджменті жүйесінің, сондай-ақ экологиялық және энергия менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған. Бұл зауыттың табиғатты қорғау саясатының халықаралық стандарттарға сәйкестігін халықаралық қауымдастықтың мойындау белгісі.

– Зауыт қоршаған ортаға әсерін барынша азайту үшін қолдан келген барлық жағдайларды жасайтынын айта кеткім келеді, -деді Татьяна Александровна. – Бізірі кәсіпорын – табиғатты пайдаланушыболғанымыз үшін үнемі назардамыз.

Біз, керісінше, көпшілікке үлгі болып, облыста экологияны жақсарту үшін ешқандай  жұмыс жасалмайды деп санайтын адамдардың бұл тұрғыдағы пікірін өзгертуіміз қажет.  Біздің кәсіпорынға қарап біздің осы бағытта дамуға қаншалықты дайын екенімізді көруге болады – жаңа жабдықтар сатып алынуда, мамандар шақырылып, зерттеулер жүргізілуде және табиғатты қорғау, күтім жасау бойынша жаңа бағдарламалар әзірленуде – бұның бәрі экологияға тиісінше ден қойылғанының белгісіболып табылады.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями