«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»: 126 іс-шара. 14 мың адам қамтылды

Дата: 06 декабря 2018 в 11:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті.

Онда Мәртөк, Шалқар, Мұғалжар аудандарындағы терроризмге қарсы комиссиялар жұмысының тиімділігі, сонымен қатар «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының жетінші кезеңінің қорытындысы қаралды.

Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин, облыс прокурорының бірінші орынбасары Азамат Дүйсембеков, сонымен қатар аудан әкімдері бейнеконференция арқылы баяндамаларын оқыды.

Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин мәлімдегендей, облыста «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында 14 мың азаматты қамти отыра түрлі форматтағы 126 іс-шара өткізілді. Соның ішінде, қайырымдылық көмек көрсетіліп, бизнесті ұйымдастыру және жүргізу бойынша оқу семинарлары, тренингтер мен шеберлік сабақтары өткізілді, шағын және орта бизнесті дамытудың мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді, теологтар мен имамдар және басқа да сарапшылар тобы ауыл тұрғындарымен, сонымен қатар деструктивті діни ағым өкілдерімен жекелеген және топтық кездесулер өткізді. Профилактикалық ықпал ету шаралары халықтың түрлі тобына көрсетілді.

Облыс әкімі жобаға оның тиімділігін көтеру үшін халықпен қарым-қатынас жасаудың жаңа тетіктерін енгізу қажеттігін атап өтті.

— Жобаны жүзеге асыру басталғаннан бері біздің облыста үлкен жұмыстар атқарылды, негізгі мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілді. Осымен тоқтап қалмау керек, — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын оңтайландыру ұсынысы терроризмге қарсы комиссияның келесі отырысында қаралмақшы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.