Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Дата: 06 декабря 2018 в 11:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

«Адал жол» іс-шараларды өткізу шеңберінде 2018 жылдың 7 желтоқсанында сағат 10.00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен Ақтөбе қаласы әкімдігімен бірлесіп жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, білім, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік органдарының, сонымен бірге Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарының қатысуымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.

Аталған жәрмеңке электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңінен тарату және қызмет көрсету тәртібін, сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы және «Электрондық үкімет» веб-порталдың көмегімен қызметтерді рәсімдеу артықшылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылуда.

Өткізу орны және уақыты: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 249-үй мекенжайында орналасқан «Халықтық кеңсе» ғимараты (7.12.2018 ж. 10.00-де).