Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек

Дата: 06 декабря 2018 в 10:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Табысы азбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 2018 жылдың 1 қарашасына облыс бойынша жан басына шаққандағы табыстары кедейшілік  шегінен төмен болған барлығы құрамында 18515 адамы бар 3763  отбасына 540,2 миллион теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде  шартсыз ақшалай көмек – 118,8 миллион теңге, шартты ақшалай көмек – 421,4  миллион теңге көлемінде.

Ақтөбе облысы бойынша 2018 жылдың  4-тоқсанына белгіленген кедейшілік шегінің мөлшері 14142 теңге құрады (ҚР Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес).

Мемлекеттік атаулы көмек алушылардың орташа статистикалық әлеуметтік сипаты мынадай: барлығы – 18515 адам, соның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың негізгі үлесін — 63,7%-ын он сегіз жасқа дейінгі балалар құраса, балаларды күтумен айналысатын адамдар – 17,8%; еңбекке қабілетті азаматтар – 14,6% және  басқалары – 3,9%.

Облыс бойынша шартты ақшалай көмек алатын еңбекке қабілетті 1153 азамат жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тартылды. Шартты ақшалай көмек алатын 574 отбасына жеке қосалқы шаруашылықтарын дамытуға және жеке кәсіпкерлікті дамытуға, ұйымдастыруға  біржолғы ақшалай көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша облыста отбасының жиынтық табыстары белгіленген шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесiнен асып кетпейтін жағдайда аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

2018 жылдың 1 қарашасына  Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй көмегі 1718 отбасына 22,5  миллион теңге көлемінде тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.05.2013 жылғы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес жергілікті бюджет есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсетуге аудандық, қалалық мәслихаттар тарапынан жаңа Қағидалар бекітіліп, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстағы кейбір санаттағы мұқтаж азаматтарға, соның ішінде әлеуметтік осал топтарына ай сайынғы, атаулы күндер мен мереке күндеріне орай және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмектер қарастырылған.

2018 жылдың 1 қарашасына Ақтөбе облысы бойынша 38312 мұқтаж азаматқа 1252,7 миллион теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілді.

Аталған әлеуметтік төлемдерді тағайындау тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органда аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көрсетіледі.

Гүлім СЕКСЕНБАЕВА,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы.