Медпункт пен саябақ іске қосылды

Дата: 06 декабря 2018 в 09:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Хромтау ауданында жаңа нысандар ашылып, түрлі қоғамдық-мәдени іс-шаралар өткізілді.

Мереке күндері Көктөбе ауылында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бой көтерген медициналық пункт іске қосылды. Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Аманғали Бердалин мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев қатысты.

Сондай-ақ, бұл күні Хромтау қаласында аудандық аурухана қызметкерлері салған «Денсаулық» саябағы да ел игілігіне берілді.

«Денсаулық — мемлекеттің негізгі капиталы» атты жалпыаудандық акцияға аудандық орталық аурухана, аудандық білім бөлімі, Хромтау балалар жасөспірімдер спорт мектебі мен аудандық жастар ресурстық орталығы және аудандағы ірі өндіріс ошақтарының бірі Дөң тау-кен байыту комбинатының жастары белсене атсалысты.

Аталған акция аясында «Донор бол — өмірге үміт сыйла!» донорлық қан тапсыру шарасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ Ақтөбе қаласынан арнайы келген және хромтаулық дәрігерлер ауданның барлық ауылдық округтерінде ақысыз қабылдаулар жүргізді. Тіс дәрігерлері балалардың тістеріне тегін диагностика жүргізіп, қандай ем алу қажеттігін айқындап берді.

Нұрсұлтан ҚАЗИХАНҰЛЫ,

Хромтау ауданы.