Құрметті ақтөбеліктер!

Дата: 01 декабря 2018 в 15:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын  жүректен  құттықтаймын!

Бұл мейрам — әлем мойындаған тарихи тұлға, Елбасы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген халқының ақ ниеті мен алғысы. Арманына жеткізіп, абыройын асырған елінің дана Мемлекет басшысына деген ыстық ықыласы.

Президент күні ретінде 1 желтоқсанның таңдалуының өзі кездейсоқтық емес. Еліміз үшін ең тағдырлы кезең болған 1991 жылдың 1 желтоқсанында қазіргі Қазақстанның тарихында алғаш рет тікелей жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз Отанымыздың Тұңғыш Президенті болып сайланды.

Қазіргі Қазақстан өндірісі дамыған, халқы тату, жаһандық масштабтағы бастамалардың елі.  Бүкіл әлем назарын Қазақстанға  аударған Елбасымыз — нағыз Көшбасшы бола білді.

Бүгінде біздің Қазақстанымыз — Кемеңгер басшының бастауымен сол арманға жетті, аманатын орындады! Берекелі бірлік пен тату тірлік халқымызды биік белестерге жеткізіп, ел абыройын асқақтатты.

Ақтөбе — құтты мекен жұрты, еңбеккер халқы, жасампаз жастары — Тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстап, елдік мұрат-мақсаттарды орындау жолында қажыр-қайрат танытуда.

Мемлекет басшысы биылғы жылғы іссапарында Ақтөбе облысының еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан, экономикасы мықты өңірлердің бірі екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев облысымыздың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына оң баға беріп, Ақтөбеде өз Жолдауларында берген тапсырмалардың тиянақты орындалып жатқанын тілге тиек етті.

Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы — қандай құрметке болсын лайықты тұлға.

Президентке деген халқының алғысы, елінің ақ тілегі шексіз. Бүгінгі шара — ел ризашылығының айқын көрінісі.

Бірлігі мен берекесі жарасқан, ырысы мен ынтымағы тасыған, Мәңгілік ел болуды мұрат еткен, көпұлтты халқымыздың айбыны арта берсін!

Елбасы бастаған қасиетті Отанымыз — Қазақстан қарыштап дами берсін!

Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.