505 өтініш түсіп, 87 қабылдау өткізілді

Дата: 10 ноября 2018 в 14:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Партия

Бүгінгі күні жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне сенім артатындардың саны көбейіп отыр.

Мәселен, биыл жыл басынан қоғамдық қабылдауға 505 өтініш келіп түскен. Қазіргі таңда  олардың 176-сы оң шешімін тауып отыр. Олардың көпшілігі — жер, үй, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жұмысқа орналасу мәселелері.

Келген тұрғындардың әрқайсысын жеке қабылдап, олардың мәселесінің оң шешілуіне ықпал жасап келе жатқан партия өкілдері көптеген игі іске мұрындық болуда. Соның ішінде қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракция мүшелерін айтуға болады. Олар бекітілген кестеге сай қабылдаулар жүргізіп, халықтың өтінішін тыңдап, оларды мүмкіндігінше шешуге атсалысуда. Бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауында қалалық мәслихат депутаттары 87 қабылдау өткізді.

Қалалық мәслихат депутаттары қабылдауында болған тұрғындарға жалпы мөлшері 10 млн теңгеден астам әлеуметтік көмек көрсетті. Сондай-ақ нұротандық депутаттардың демеушілігімен «Балаларды мектепке дайындау» акциясы бойынша көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 213 балаға  4 781 000 теңгенің көмегі көрсетілді.

Сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары 81 жастағы жалғызбасты зейнеткер Ұ.Ибрашеваның коммуналдық қарыздарын өтеп, үйіне 500 мың теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, азық-түлік алып берді.

Қоғамдық қабылдау кезінде өз өтініштерімен ғана емес, партияға алғыс айту үшін хабарласатындар да бар. Партия мүшелері әрқашан халықтың мұң-мұқтажын қарап, оларға қолдау көрсетуге дайын.

Нұржауған Бұхарбаева,

Ақтөбе қалалық қоғамдық қабылдау

бөлімінің кеңесшісі.