Сыр елі тауар өндірушілері келеді

Дата: 10 ноября 2018 в 14:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Бүгін, 10 қараша күні Ақтөбе қаласындағы «Әлия» сауда базары алдында Қызылорда облысының әкімдігі бастаған Сыр елі тауар өндірушілерінің «Road Show» атты көшпелі көрмесі ұйымдастырылады.

Аталған іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты — сауда-экономикалық қарым-қатынастар саласында Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының кәсіпкерлері арасында іскерлік және ынтымақтастық байланысты нығайту.

Жалпы алғанда, көшпелі көрмеге Қызылорда облысының түрлі салалар бойынша қызмет жасайтын 30-дан аса кәсіпкері өз өнімдерін  ұсынатын болады.

Атап өтетін болсақ, көрмеде Қызылорда облысында өндірілетін күріш, сүт, ет, балық өнімдері, бақша дақылдары, консервіленген тамақ өнімдері таныстырылмақ. Мұнымен бірге көрмеге Сыр өңірі қолөнершілерінің  бұйымдары да қойылмақ.

Көрменің өту  барысында барлық өнімдер нарық бағасынан төмен бағада ұсынылады.

«Әлия» сауда базары Маресьева көшесі, 92 мекенжайында екенін еске саламыз.

А.ШҰҒАЕВ.