Бәйгеге қатысыңыз!

Дата: 08 ноября 2018 в 15:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Қазақстан Журналистер одағының облыстық ұйымы биылғы Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық «Актюбинский вестник» газетінің 100 жылдығы, «Ақтөбе» газетінің 95 жылдығы құрметіне Журналистер одағының мүшелері, сондай-ақ жалпы қалам иелері арасында бәйге жариялайды. Бұл сайысқа газет оқырмандары да қатыса алады.
Басты тақырып — Тәуелсіздік жетістіктерін насихаттау, Елбасы Жолдауында айтылған маңызды мәселелердің, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы.
Конкурсқа 2018 жылы жарияланған мақалалар қабылданады. Тапсыру мерзімі — биылғы 10 желтоқсанға дейін. Бәйге қорытындысы Тәуелсіздік күні қарсаңында шығарылады. Жеңімпаздарға үш жүлде тағайындалды.
Байланыс телефоны: 90-71-66.

Қазақстан Журналистер одағы Ақтөбе облыстық ұйымы.