Облыс әкімі депутаттармен бірге Елбасы жолдауын жүзеге асыру мәселелерін талқылады

Дата: 20 октября 2018 в 15:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облысымызда жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Кездесуге Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері Гүлжан Қарағұсова, Татьяна Яковлева, Дания Еспаева, Сергей Симонов, Александр Суслов және басқалар қатысты.

Облыс басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуы жөнінде баяндады.

— Халықтың әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс сапасының артуы — Мемлекет басшының халыққа Жолдауында алға қойылған басты тапсырмасы. Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде облысымыздың экономикасы 5 пайызға өсті. Барлық негізгі көрсеткіштерді ұлғайту жүзеге асырылды. Өнеркәсіп көлемінің өсімі — 5,7 пайызға, ауыл шаруашылығы 4 пайызға өсті. 335 миллиард теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылғы деңгейден 18,1 пайызға артық. 500 мың текше метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, жұмыссыздық 4,8 пайыз деңгейінде сақталды. Осының барлығы ақтөбеліктердің тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етері сөзсіз, — деді Бердібек Сапарбаев.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаттары облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының бірқатар оң беталысын атап өтті.

— Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары кезінде Ақтөбе өңірінің дамуына қатысты жоғары бағасын берді, бұл облыс басшылығының үйлесімді де тиімді жұмысының көрсеткіші болып табылады, — деп атап көрсетті Гүлжан Қарағұсова.

Кездесу соңында депутаттар облыс әкіміне өздерінің жұмыс сапарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.