Шығысқазақстандық палуан Азия ойындарының жүлдегері атанды

Дата: 13 сентября 2018 в 19:40

По сообщению сайта Новости Астаны

Индонезиядағы жазғы Азия ойындарында Данияр Қайсанов күміс жүлдегер атанды. Ол ақтық сында 2:3 есебімен өзбек палуанынан ұтылды, деп хабарлайды CITY01.KZ ALTAYNEWS сайтына сілтеме бере отырып. 

Еркін күрестен сынға түскен жерлесіміз 74 келіде өнер көрсетті. Алғашқы белдесуінде ол катарлық қарсыласын 10:0 көрсеткішімен қапы қалдырды. Дəл осындай есеппен ширек финалда вьетнамды спортшыныда ұтып кетті. Ал жартылай бəсекеде шығысқазақстандық Оңтүстік Кореяның өкілін 12:8 ұпайымен жеңді.

Өкінішке қарай, шешу сайыста Данияр өзбекстандық Бекзод Абдурахмановқа жол берді. Қорытынды есеп 2:3. Осылайша, Қайсанов Джакартада күміспен күптелді.

Еркін күрестен сынға түскен жерлесіміз 74 келіде өнер көрсетті. Алғашқы белдесуінде ол катарлық қарсыласын 10:0 көрсеткішімен қапы қалдырды. Дəл осындай есеппен ширек финалда вьетнамды спортшыныда ұтып кетті. Ал жартылай бəсекеде шығысқазақстандық Оңтүстік Кореяның өкілін 12:8 ұпайымен жеңді.

Өкінішке қарай, шешу сайыста Данияр өзбекстандық Бекзод Абдурахмановқа жол берді. Қорытынды есеп 2:3. Осылайша, Қайсанов Джакартада күміс жүлдеге ие болды

.

Комментарии предназначены для общения, обсуждения и выяснения интересующих вопросов