Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Құрметті жерлестер!

Дата: 06 июля 2018 в 13:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Баршаңызды сүйікті Елордамыз — Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасын Ақмолаға ауыстыру жөнінде шешім қабылдағанда оған сенбегендер мен қарсы болмаған адам аз. Тіпті үндемегендердің өзі іштей наразы болып, тікелей қарсылық танытқандар да болды.

Өйткені экономикалық байланыстар үзіліп, күнкөрістің өзі мұңға айналған шақта  астананы ауыстыру туралы ой ешкімнің ақылына сыймайтын. Бірақ тарихты көпшілік емес, бүгінгісін ертеңімен байланыстыратын, алыс көкжиекке көз тіге алатын дара тұлғалар жасайды.

Елбасының орасан зор саяси ерік-жігерінің арқасында ерке Есілдің жағасында әлемдік сәулет өнерінің ең үздік үлгілері үйлесім тапқан әдемі шаһар пайда болды. Бұл, біріншіден, мемлекетіміздің іргесін бекітті, екіншіден,  елордамыз тоғыз жолдың торабында орналасып, барша облыстардың экономикалық жағынан дамуына жол ашты.

Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы, Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің үлгісі.

Бүгінде қазақстандықтар бейбіт те бақытты заманда өмір сүруде. Қазақстандық Ұлы жолмен жүріп, еліміз дамудың жаңа деңгейіне көтерілді, ал мемлекеттік сарабдал саясат экономикалық өсу мен әлеуметтік дамуды қамтамасыз етті.

Біздің елордамыз — жаңа мыңжылдықтың тұңғыш астанасы! ЕҚЫҰ-ның жаңа мыңжылдықтағы алғашқы саммиті де Астанада өтті. Әлемдегі дәстүрлі діндердің көшбасшылары да Есілдің жағасында бас қосып, планетамыздың болашағын жиі талқылайды.

ЭКСПО секілді сүйекті шараның да осында өткізілуі тегін емес. Демек, Астана  әлемдік деңгейдегі ірі саяси, экономикалық, мәдени орталыққа айналды.

Астана — Қазақстанның ширек ғасырда  еңсе тіктеп, ел болғандығының, қуатты мемлекетке айналғандығының көрінісі. Мынадай әдемі қаланы экономикасы мықты ел ғана сала алады.

Астана — Президент  Нұрсұлтан Назарбаевтың төл перзенті. Оның әрбір көшесінде, тіпті әрбір кірпішінде Мемлекет басшысының қолының табы бар. Жер бетіндегі әрбір қазақ арқа сүйейтін мемлекет құрып, мәртебемізді биіктеткен,  Есілдің жағасына жағалай ел толтырып, құтты ордаға айналдырған Елбасымыздың еңбегі қандай құрметке де лайық!

Астана — бейбітшілік ордасы, жаңа мүмкіндіктер қаласы. Ертегідегідей күн санап өсіп келе жатқан шаһар. Астанаға қарап облыс орталықтары да «бой түзейді». Астана — жарқын болашаққа қол созған қазақ елінің символы!

Астана күні — ел  асыға күтетін, өзімізге есеп беріп, тағы бір қадам алға басқанымызды айшықтайтын  жалпыхалықтық мерекеге айналды. Әсіресе, елордамыздың жиырма жылдық торқалы тойына деген ел-жұрттың ықыласы тіпті бөлек.

Күш-қуаты толып, көкірегі арманға толған жиырма жастағы жігіттей Астанамыздың мерейлі тойы құтты болсын!

Мыңжылдық құтты ордамыз болғай!

Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті