Даму негізі — бағдарлама

Дата: 30 июня 2018 в 11:52

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

№1 Жамбыл сайлау округінің депутаты Аркадий Нидің төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыстық мәслихаттың депутаттары, басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.

Басқосуда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Тілеумұратов хабарлама жасады. Ол жалпы өңірлік өнімінің жағдайы, шағын және орта бизнестің дамуы, өнеркәсіп және т.б. туралы айтып өтті.

Сондай-ақ облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай:

— Ауыл шаруашылығын реформалау, отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдаудың жаңа құралдарын дамыту және енгізу бойынша міндеттер «Агробизнес — 2020» бағдарламасымен көзделген. 2016-2020 жылдарға аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласында 5 нысаналы индикатор бекітілген, — деді.

Сонымен қатар тұрақты комиссияның отырысында  облысты дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы денсаулық сақтау, индустриялды-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының басшылары хабарлама жасады.

Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтарын қойып, ескертулері мен ұсыныстарын айтты.

Жиын соңында қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.