Популярные темы

25-ші мерейтойлы Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінің басталуына арналған баспасөз мәслихаты

Дата: 28 июня 2018 в 15:19 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


25-ші мерейтойлы Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінің басталуына арналған баспасөз мәслихаты

19-шы маусымда Астана қаласында Қазақстан астанасындағы 25-ші Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

 

Баспасөз мәслихатына қатысқандар:

  • Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрі Қасымбек Жеңіс Махмудұлы;
  • Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінің халықаралық ұйымдастыру комитетінің төрағасы Марек Цала;
  • Мәжіліс депутаты Рау Альберт Павлович;
  • Африкадағы кен өндіру саласының  EY басшысы және кен өндіру саласын сандық жүйеге көшіру жөніндегі жетекші сарапшы Джеймс Мэтчер;
  • «Республикалық кен өндіру және кен-металлургия кәсіпорындары қауымдастығының» атқарушы директоры Радостовец Николай Владимирович

    Қасымбек мырза бұл шараны өткізу Қазақстан республикасының экономикасына деген маңыздылығын атап өтті: «Бүгін 25-ші Дүниежүзілік тау-кен Конгресі өз жұмысын бастады. Дүниежүзілік тау-кен Конгресі құрылған сәтінен бері өткен 60 жыл ішінде әлемдегі тау-кен металлургия кешенінің ең басты халықаралық іс-шарасына айналды, ол саланың дамуының кең ауқымды міндеттері бойынша кәсіби пікірталастар жүргізу үшін қажетті платформа ретінде бекіді. »

    Біз үшін бұл Конгрестің маңызы ерекше және оны биыл жиырма жасқа толған жас астанамызда өткізу — үлкен мәртебе.

Бүгін Конгресте 64 қауымдастық, 79 универститет қатысып отыр. 50 елден 2389 қатысушы.

    25-ші Тау-кен Конгресі «Инновациялық басымдылық — әлемдік тау-кен өнеркәсібінің даму жолындағы ілгері қадам» ұранымен өтіп жатыр. Министр сондай-ақ, Қазақстан отандық тау-кен металлургиялық кешенін жаңғырту үшін айтарлықтай күш жұмсап жатқанын атап өтті. Республика үкіметі елімізге әлемдегі жетекші компанияларды инвестицияға тарту арқылы, сондай-ақ «Индустрия 4.0» шешімін енгізу арқылы саланы дамытудың айқын векторын анықтады.

    Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінің халықаралық ұйымдастыру комитетінің төрағасы Марек Цала саланың әлемдік деңгейде дамуы және оған бұл Дүнижежүзілік Тау-кен конгресін өткізудің әсерін мәлімдеді.  Пленарлық отырыс барысында ол БҰҰ мәлімдемесі бойынша 2030 жылы жер бетінің халық саны 8,5 млрд адам болатынын атап өтті. Сәйкесінше, таяу үш-төрт онжылдықта шикізат саласы осы бырлық халықты аса қажетті, соның ішінде мүмкін әлі күнге дейін табылмаған  материалдармен қамтамасыз ету жолындағы қиындықтарды жеңуі қажет.  Цало мырза өндіру барысының нәтижесінен қалған қалдықтарды қайта өңдеудің, сондай-ақ энергиялық тиімділік және жер қойнауын пайдаланушы тарапынан экологияға әсер ету жағдайын жақсарту  маңыздылығын да атап өтті.

ТКМ-ны кадрлық қамсыздандыру тақырыбы да назардан тыс қалмады. Николай Радостовец журналисттердің сұрақтарын жауап бере отырып былай деді: «Бүгінде Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінде біз кадр даярлауға қатысты мәселелерді талқыладық. Қазақстанда барлық мамандықтар бойынша жоғары білікті кадрларды дайындау жүргізілмейді. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, бізде 98-ға жуық мамандық бойынша маман даярлау жеткіліксіз. Сондықтан арғыкүні Конгресс аясында өтетін «ДТК кадрлары» сессиясында біз мамандықтарда жоғары оқу орындарында және колледждерде қандай кадрлар даярлау керек екенін талқылауды жоспарлап отырмыз. Біз тек ұсыныстар алу емес, министрліктер өкілдерінің қатысуымен жоғары оқу орындарында және колледждерде оқыту және қайта даярлау бағдарламаларына қандай түзетулер енгізу керектігін талқылаймыз деп үміттенеміз.»

   Бұрын пленарлық мәжілісте Н.Радостовец жаңа Экологиялық кодекс құру мәселесін көтерді. «Біз қоршаған ортаға келтірілген зиянды экономикалық бағалаудың жанама әдісі, экологиялық төлемдерді дұрыс пайдаланбау сияқты кемеліне жетпеген әдістерден аулақ болғымыз келеді. Енді біз «жасыл» технологияларды енгізу үшін компанияларға экологиялық төлемақылар сақталуы керек пе деген мәселені талқылап отырмыз. Осы мәселе бойынша біз халықаралық сарапшылардың пікірін тыңдағымыз келеді.

    Дүниежүзілік тау-кен конгрессінен кейін жастар тау-кенші, шахтер және металлург мамандықтары әлі көптеген жылдар бойы маңызды және болашағы зор болатынын түсінеді деп үміттенеміз. Және бұл мамандар келешекте заманауи цифрлық технологияларға ие болады».

    Сала тарапынан жоғары білікті мамандардың қажеттілігіне орай Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі мен « МИСиС  «Ұлттық ғылыми-технологиялық университеті» жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік автономды білім беру мекемесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы келісімнің мақсаты — бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы және білікті кадрларды даярлаудығы тараптар арасындағы ынтымақтастық, білім беру бағдарламалары мен стандарттарын әзірлеу және сараптау саласындағы ынтымақтастық, техникалық және кәсіби білім беру жүйесіндегі басқару және инженерлік-педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру саласындағы ынтымақтастық, әртүрлі мамандық бойынша кадр даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласында ақпарат, құжат, жинақталған тәжірибе алмасу және тау-кен металлургия саласынның мамандарын кәсіби даярлауды жақсартуға көмектесетін басқа да маңызды аспектілер.   

 

  Сондай-ақ, ДТК бағдарламасында жаңа технологиялар енгізу және оның инновациялық шешім саласындағы жұмыстың тиімділігіне жағымды ықпал етуіне көп көңіл бөлінді.   

Сонымен қатар баспасөз мәслихаты аясында «АК Алтыналмас» АҚ және  ««IntelliSense – LAB» технологиялық даму орталығы» арасында меморандумға қол қойылды. Бұл меморандумның мақсаты– «тегістеу қондырғысының» үрдісін алдын-ала талдау жүйесін жасау, диірмен ішіндегі төсемелердің тозуын болжау, ұсақталған рудалардың сапасын бақылау және ұсақталатын өнімді жағдайлық болжау, нақты уақыт режимінде тегістеу циклін визуализациялау, тиімділіктің мақсатты көрсеткіштерімен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар Metalysis Limited және «Инновациялық технологиялар паркі » автономиялық кластерлік қоры арасында ынтымақтасу ниетіндегі меморандумға қол қойылды.

Халықаралық Тау-кен метталургия аясындағы ынтымақтастықтың маңызды құжаты  болып «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы және Чилидің Cadelko компаниясының арасындағы меморандум боп танылды, ол меморандум Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ пайдалы қазбалар мен қорлар туралы ақпарат алмасу, Қазақстан Республикасының аумағында пайдалы қазбалар кен орындарын табу мақсатында жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларға бірлесе қатысуға арналған.

 

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Нур-Султан (Астана)
Поделитесь новостью с друзьями