Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Керамикалық тақтайшалар шығаратын зауыт іске қосылады

Дата: 21 июня 2018 в 12:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Хромтау қаласында керамикалық тақтайшалар шығаратын зауыт іске қосылады.

Облыс әкімдігінде Хромтау моноқаласында якорлық жобаларды жүзеге асыру барысы туралы жиын өтті.

Якорлық жобалар жаңа өндірістер құру және қолданыстағы өндірісті кеңейту үшін жеке бизнес тарапынан инвестициялар салу арқылы жүзеге асады. Басты мақсат — өндірісті арттыру және әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын құру.

Хромтау қаласында осындай үш жобаны іске асыру көзделіп отыр. Дегенмен облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ерлан Назаровтың айтуынша, белсенді жұмыс тек қана бір жоба — керамикалық тақтайшалар шығару зауыты бойынша ғана жүріп жатыр. Мұнда ағымдағы жылдың тамыз айында бірінші өндірістік желі іске қосылады деп күтілуде. Жобаның жалпы құны 13,5 млрд теңгені құрайды. 2020 жылы толық қуаттылықта іске қосылып, сол кезде өндірісте 520-дан астам адам жұмыс істейтін болады.

Ал макарон фабрикасы мен брикеттелген көмір өндіретін зауытты іске қосу жобалары күрделі мәселе болып қалып отыр.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев салалық басқарма тарапынан якорлық жобаларды іске асыруға мүдделілікті арттыру керектігін айтты.

— Хромтау — облыс экономикасын дамытудың Ақтөбеден кейінгі негізгі көзі. Онда бизнесті дамытуға барлық жағдай бар. Индустриялық-инновациялық даму басқармасы аудан әкімімен бірлесіп, жаңа инвесторларды іздеу және тарту бойынша жұмыстарды күшейтулері керек, — деді облыс басшысы.

Бердібек Сапарбаев сондай-ақ Хромтау керамикалық тақтайшаларын сатып алушылар табу мақсатында да нақты жұмыстар керектігін атап өтті:

— Ақтөбеде де керамикалық тақтайшалар өндіретін зауыт ашылатынын білесіздер. Ертең бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды тұтынушысыз қалдырмауын байқап отыру керек. Шығарылатын өнімдер түрлерін салыстырып, тиянақтау қажет, — деді ол.

Облыс әкімі 2012-2020 жылдарға арналған «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігін тағы бір атап көрсетті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Ақтөбе газеті