Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

307 416 қызмет электронды түрде көрсетілді

Дата: 21 июня 2018 в 12:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

№8 Пацаев сайлау округінің депутаты Дмитрий Довматенконың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Басқосуға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыстық мәслихаттың депутаттары, басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.

«Халыққа арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Руслан Ерғалиев жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша баяндама жасады.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 5 айында 684 620 қызмет көрсетілсе, оның ішінде электронды түрде көрсетілген қызмет саны — 307 416.

Халыққа қызмет көрсету орталығының әрбір бөлімінде тұрғындарға ыңғайлы болу үшін өз-өзіне қызмет көрсету секторы тұрақты түрде жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға филиал қызметкерлері үйлеріне барып қызмет көрсетеді.

Тууды тіркеу, мектепке дейінгі мекемелерге баланы есепке қою, сондай-ақ баланың туған кезінде және күтіміне берілетін жәрдемақыларды тағайындау сияқты мемлекеттік қызметтер проактивті түрде жүргізілуде.

— Биылғы жылдың қаңтарынан бастап үшінші тұлғаларға электронды қызмет көрсету үшін СМС арқылы келісім беретін «Раperfree» қызметі іске қосылды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді алу үшін биыл әрбір облыс орталығында «Цифрлық қызметтер орталығын» ашу жоспарланған.

Мемлекеттік органдармен жұмыс өзара тығыз қарым-қатынаста жүргізіліп, барлық өзекті мәселелер жұмыс тәртібімен шешілуде, — деді Р.Ерғалиев.

Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттық депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ұсыныстарын айтты.

Комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті