Құрметті медицина қызметкерлері және денсаулық сақтау ісінің ардагерлері!

Дата: 16 июня 2018 в 16:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Қалыптасқан дәстүрі бойынша Қазақстанда маусым айының үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Өзінің жүрек қалауымен тағдырын осы бір ізгілікті мамандыққа байланыстырған абзал жандардың барлығын шын жүректен құттықтаймын.

Медицина қызметкері жай ғана қарапайым мамандық иесі емес. Оны игеру ұзақ оқуды және тынымсыз ізденуді қажет етеді, алайда соның барлығының нәтижесі — сіздер өмірін құтқарған адамдар мен сіздердің жақындарыңыздың шынайы күлкісі және шексіз алғысы оның бәрінен де асып түседі.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың әлеуметтік салаға бағытталған сындарлы саясаты нәтижесінде біздің елімізде денсаулық сақтау саласында елеулі ілгерілеулер орын алды. Тәуелсіздік жылдарында медицина ғылым мен инновациялық технологиялар дами түсті, жаңа технологиялық орталықтар құрылды, ауруханалар мен емханаларды жарақтандыру елеулі түрде жаңғыра түсті, жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі айтарлықтай артты.

Ақтөбе медицина кластерінің құрылуы облыстың және барлық Батыс өңірі тұрғындары үшін медициналық көмек пен диагностиканың ауқымын елеулі түрде кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері ғана 850-ден астам жоғары технологиялық операция жүзеге асты. Облыстың денсаулық сақтау саласының басты жетістіктерінің бірі — тұрғындардың күтілетін өмір сүру ұзақтығының 73,5 жасқа дейін ұлғаюы.

Оңтүстік Корея, Германия, Израиль, Түркияның халықаралық ұйымдарымен ауқымды ынтымақтастық әлемдік мәні бар заманауи инновациялық технологияны дамыту мен енгізуге, біздің мамандарымыздың деңгейін көтеруге мүмкіндік жасауда.

Медицина қызметкерлері өңірде жарияланған Балалар жылы аясында жүзеге асырылып жатқан «Бақытты бала» жобасын белсенділікпен қолдауда. Шетелдік мамандардың қатысуымен 5 күрделі жоғары технологиялық ота жасалып, 400-ден астам балаға кеңес берілді.

Бұл мереке күні біз отандық медицинаның негізін қалаушылар мен ардагерлерге, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан жандардың барлығына ерекше алғыс сезімін білдіреміз.

Адамдардың өмірін сақтауға және денсаулығын қорғауға бағытталған сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз әрбір дәрігерге, фельдшерге, медбикеге өз істеріңіздің қажеттігіне және маңыздылығына сенімділік орнатып, сарқылмас күш-қуат, рухани жігер сыйласын!

Мерекелеріңізбен!

 Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.