Ұлттық сипатта атап өтілді

Дата: 16 июня 2018 в 16:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Ұлық мереке

15 маусым, Ораза айт мерекесінде ақтөбелік жамағат, әдеттегідей, мешітке ағылды. Ертеңгілік сағат 7-де барлық мешіттерде Айт намазы оқылып, ел бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өкіл имам Төлеби Оспан жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі. Айт мерекесінің мән-маңызы турасында уағыз айтып, намаздың оқылу тәртібін түсіндіріп өтті. Айттың ағайынды ұйытушы, араз жандарды жарастырушы, міскінді қуантып, маңайға тек мейірім мен қуаныш төгетін ғажап мереке екендігін тілге тиек етті.

Намаздан кейін жұртшылық шат көңілмен бір-біріне ақ тілектерін жеткізіп, төс қағыстырды. Мешіт төңірегіне тізіле киіз үйлер тігілген. Мерекеге арналып ұлттық дәм, ұлттық өнерден шашу шашылды, жергілікті өнерпаздар домбырамен термелер орындады. Дәстүрлі жырлар айтылды, күйтартылды. Жамағат арасында жүлде үшін спорттық сайыстар өтті. Арқан тартыс, қол күрес, екі салмақ дәрежесі бойынша қазақша күрес, қой көтеру және гір тасын көтеруден жарыс болды. Қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, топ жарғандарға бағалы сыйлықтар тарту етілді. Соның ішінде, бағалы түкті кілемдер, спорттық құралдар, құлақ қаптар, басқа жүлделер табысталды.

Облыстың бас мешітінде мерекеге орай 4 киіз үй тігілді. Дастархан жайылып, палау тартылды. 60 келіге жуық бауырсақ, 200 литр көже таратылды. «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының атынан балғындарға тәттілер мен балмұздақтар үлестіріліп, шарлар сыйланды.

Облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі.