Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қарғалы ауданында ірі көкөніс сақтау қоймасы салынып жатыр

Дата: 12 июня 2018 в 12:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Өткен сенбіде жұмыс сапарымен Қарғалы ауданына барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалармен танысып, әлеуметтік-мәдени сала объектілеріне барды. Сондай-ақ «Бақытты бала» жобасы аясында өтіп жатқан «Балдәурен балалық шақ» фестиваліне қатысты.

Жұмыс сапарын Желтау селолық округіне қарасты Петропавловка ауылынан бастаған Бердібек Сапарбаев, ауыл сыртында салынып жатқан суару жүйелерін салу және реконструкциялау (тұрақты суару) жобасымен танысып, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті. Жобаны қаржыландыру үшін Еуропалық қайта құру және даму банкі несие бөлген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер компания — «Актобенефтегазстрой» ЖШС.

Аталмыш жобаға Желтау ауылдық округінің 4445 гектарға жуық жері енгізілген.

— Фермерлер бүгінгі таңға дейін кеңес заманынан қалған жүйені пайдаланып келген. Бұл қазіргі таңда өте тиімсіз. Ал біз жаңа жүйе бойынша суару жүйелерін орнататын боламыз. Су Жақсы Қарғалы өзенінен тартылады. Жұмыстар мамырдың 9-ында басталды. Жоспар бойынша қазан айына дейін аяқталуы қажет. Бірақ біз уақытынан ерте бітіруге тырысамыз, — деді компания директоры Серік Естемісов.

Жоба жұмысымен танысқан Бердібек Сапарбаев Желтау селолық округінің шаруа қожалықтарының басшыларына қатаң талап қойды.

— Біз бұл жобаға 8 миллиард теңгеге жуық қаражат салып отырмыз. Осы уақытқа дейін өнімнің өсуі ауа райына байланысты болып келсе, алдағы уақытта жыл бойы су болатын болады. Сондықтан бұл жерде шаруа қожалықтарына қойылатын басты мақсат — өнімді көбейту. Егерде өнім өсімі еш өзгеріссіз қалатын болса, салынған инвестицияның еш тиімділігі болмайды, — деді ол.

Облыс әкімінің Петропавловка ауылында танысқан келесі нысаны «Эко агро» шаруа қожалығының авкопоника балық өсіру фермасы болды.

2015 жылы құрылған ферманың жабдықталуына 1,5 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған. Кәсіпкер Артур Кофлердің басшылығымен ашылған фермада бүгінде 3 адам жұмыс жасайды. Шаруашылық 2017 жылдың мамыр айында балық шаруашылығының су объектілерін және учаскелерін бекіту конкурсына қатысып, тауарлы балық шаруашылығын жүргізу мақсатында Бурановское су тоғанын жалға алған.  Өткен жылы тоғанға аквопоникада өсірілген 4000-ға жуық карп шабақтары жіберілді. Ал 2017 жылдың қазанында шаруашылық Чугаевский су тоғанын жалға алды. Шабақтар шаруашылықтың өзінен шығарылатын жем-шөптермен қоректендіріледі.

Бұдан соң облыс әкімі Петропавловка орта мектебіне барып, білім ордасы жанындағы шағын бизнестің шығармашылық шеберханасының жұмысымен танысты. Жазғы каникулға қарамастан балалар мектептегі робототехника сағаттарына қатысып, мектеп жанындағы қоян өсіру шаруашылығына көмектесуде. Мектеп директоры Жанна Мұстафинаның айтуынша, қоян өсірудегі басты мақсат —бастапқыда сатып алынған  көжектерді көбейтіп, қоянның еті мен терісін сату арқылы бір жылда 700 000 мың теңгеге жуық табыс табу. Сондай-ақ аталмыш мектеп жанындағы жылыжайға 500 түп тәтті бұрыш пен 500 түп баклажан өскіндері егіліп, түскен табысқа қосымша көжектер мен олардың азығын сатып алу қарастырылған. Бүгінгі таңда мектеп жанында қояндарға арналған 12 тор бар. Ал қыста қояндарды  аудан аумағында орналасқан «Ақсүт» шаруа қожалығының базасына қыстату үшін меморандумға қол қойылған. Жұмыс барысымен танысқан өңір басшысы мектеп ұжымы мен оқушылардың еңбегіне оң бағасын берді.

Петропавловка ауылынан кейін өңір басшысы қуаттылығы 5 мың тонна көкөніс сақтауға шақталған Шәмші Қалдаяқов атындағы ауылда салынып жатқан көкөніс сақтау қоймасының құрылысымен танысты.Тамыз айының бас кезінде пайдалануға  берілетін қойманы «АкТеп» ЖШС өз қаражатына салуда. Картоп сақтауға арналған қоймада климаттық бақылау жасау үшін желдету және тоңазытқыш жабдықтары қондырылатын болады. Картопты сақтауға арналған арнайы секцияларға жеткізу үшін тасымалдау жабдығы да қарастырылған.

— Биыл 200 гектарға жуық алаңға картоп егілді. 7-8 мың тоннаға жуық өнім аламыз деп жоспарлап отырмыз.  1000  тоннаға жуық картоп Ақтөбедегі «Табыс» базарында төмен бағада сатылатын болады, — дейді шектеулі серіктестік президенті Нұрлан Сағыналин.

Құрылыс жұмыстарына бүгінде жергілікті тұрғындардан 22 адам тартылған. Айлық жалақысы 200 мың теңгеден жоғары.

«АкТеп» ЖШС-ның қызметіне оң бағасын берген өңір басшысы осындай кәсіпорындардың облыстағы ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың қолбасшысы болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ Шәмші Қалдаяқов ауылында  Бердібек Сапарбаев «Туған жерге тағзым» акциясы аясында салынған «Қазпошта» бөлімшесінің жаңа ғимаратын қарап шығып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Қарғалы тұрғындарынан мемлекеттің ауыл шаруашылығын дамытуға  берген мүмкіндіктерін белсендірек пайдалануларын сұраған облыс әкімі ауылдағы жекеменшік тұрғын үйлердің құрылыс қарқынына көңілі толмайтынын жеткізді. Ауылда жер телімдеріне барлық инженерлік коммуникациялар тартылғанымен жекеменшік-тұрғын үй құрылысы бәсең.

Шәмші Қалдаяқов ауылынан шыққаннан соң өңір басшысы  Қосестек ауылдық округі маңында салынғалы жатқан «Алтын бұлақ» сауықтыру кешенінің жоспарымен танысты.

Сауықтыру кешенін 2020 жылы пайдалануға  беру жоспарланған. 120 адамға арналған кешенде демалушыларға жайлы, заманауи тұрғыда жабдықталған бөлмелер қарастырылып, емдеу заман талабына сай жаңа технологиялар бойынша жүргізілетін болады. Сауықтыру орталығы жанынан 40-тан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Бадамша ауылында салынып жатқан жалдамалы-коммуналды тұрғын үйдін құрылыстарымен танысқан облыс әкімі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бой көтеретін 50 орындық балабақшаның алаңы мен қайта қалппына келтіріліп жатқан саябақты және де ауылда құрылысы басталған дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын қарап шықты.

Бұдан соң №1 Бадамша орта мектебінде ата-аналармен кездескен облыс әкімі көптен бері шешімі табылмай келе жатқан басты мәселе — жаңа мектеп құрылысын салатын орынға қатысты дауға нүкте қояр кез жеткенін айтты.

— Ата-аналар бір шешімге келуі қажет. Өйткені пайдасыз даудың кесірінен біз уақыт жоғалтып жатырмыз. Ал балаларға жаңа мектеп керек. Сондықтан уақыт оздырмай, сыйымдылығы 300 орынға, ал интернат сыйымдылығы 70 орынға шақталған мектеп-интернатының құрылысы басталуы тиіс, — деді өңір басшысы.

Облыс əкімінің жұмыс сапары «Бақытты бала» жобасы аясында ұйымдастырылған «Балдәурен балалық шақ» атты фестивальмен аяқталды. Оған аудан мектептерінен жиналған 300-ден аса бала қатысты.

Бердібек Сапарбаев Петропавловка ауылында ата-ана қамқорлығынсыз  қалған үш балаға «Армандар орындалады!» акциясы аясында баспана алу үшін сертификаттар табыс етті. Он жетім бала «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкіндегі» есепшотын толтыру үшін 100 мың теңгеден сертификаттар алды.

Бұдан басқа, оқу жылында ерекшеленген 110 оқушыға Астана қаласы мен Түркістанның киелі жерлеріне саяхат жасауға жолдамалар берілді. Жиырма қарғалылық бала демеушілер қаражаты есебінен  Орынбор облысының Новотроицк қаласындағы «Шағала» сауықтыру лагеріне баратын болды.

Ақерке САТЫБАЛДЫ,

Қарғалы ауданы.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті