«Туған жер туған ауладан басталады»

Дата: 22 мая 2018 в 10:52

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

15 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында Ақтөбеде ПИК және кондоминиум нысандарын басқару органдары арасында «Туған жер туған ауладан басталады» бағдарламасы өткізіледі.

Бағдарламаға қатысушылар балалар алаңымен, бейнебақылау және аула шамдарымен қамтамасыз етіліп, аулалар асфальттанады.

Бұл жөнінде қала әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиынға қалалық бөлімдер басшылары, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Құдайберген Бекенов, ПИК және кондоминиум нысандарын басқарушы органдар басшылары қатысты.

Қазір қалада 480 мыңға жуық тұрғын бар. Көппәтерлі тұрғын үй саны — 1968. Өткен жылы 88 ойын алаңы құрылып, аула алаңында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталмыш бағытта жұмыстар жалғасып жатыр. «Туған жер туған ауладан басталады» бағдарламасы қала тұрғындарын тұрғын үй кешенін күтіп ұстап, көгалдандыру және абаттандыру мәселесіне ынталандыруға бағытталған.

Қала әкімі пәтер иелерін бағдарламаға қатысып, кешенді күтіп ұстауға, көгалдандыру мен абаттандыруда белсенділік танытуға шақырды.

Жиын барысында қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Хайдар Ермашев конкурсты өткізу тәртібі жөнінде баяндады.

Біз төменде конкурсты өткізу тәртібін ұсынып отырмыз.

 Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

«ТУҒАН ЖЕР ТУҒАН АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ»

бағдарламасын өткізу тәртібі

1.1. Бірінші кезеңге келесідей өлшемдерге сәйкес келетін КНБО қатыса алады:

— кешенге кіретін кондоминиум нысандарының мемлекеттік тіркеудің болуы — 1 ұпай;

— ортақ ауласы бар кондоминиум нысанының  үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің конкурсқа қатысу туралы шешім қабылданған жалпы жиналысының хаттамасы, сондай-ақ бұл құжатта кондоминиум нысаны атынан тараптар арасындағы меморандумға қол уәкілетті жауапты тұлға көрсетілуі керек — 1 ұпай;

— екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың болуы — 1 ұпай;

— аула тиісті талаптарға сай болуы керек (орындықтар, қоқыс жәшіктері және кіреберіс есіктер мен көгалдандыру) — 1 ұпай;

— аулалар кешеніне кіретін кондоминиум нысандарында (көппәтерлі үйлер) жылу қуатын және салқын суды есептегіш құрылғылардың болуы — 1 ұпай;

1.2. Бірінші кезеңде 5 ұпай жинаған қатысушыларға балалар алаңы орнатылады және екінші кезеңге қатысуға мүмкіндік беріледі.

— кондоминиум нысанында бейнебақылау камераларының болуы — 1 ұпай;

— кіреберістің эстетикалық жағдайы (санитарлық жағдай, терезелер, пошта жәшіктерінің болуы, хабарландыру стенділері және т.б.) — 1 ұпай;

— тұрғын үй ауласының жобасы (жоспар-кесте), көгалдандыру, автотұрақ, суағар арықтар — 1 ұпай;

— CityPost.kz сайтында тіркелу (тоқсандық есеп, тұрғындарға хабарландыру, жеке деректерді толтыру) — 1 ұпай;

— бірыңғай төлем құжаты бойынша келісімнің болуы — 1 ұпай;

— кондоминиум объектісін күтіп ұстауға қызмет көрсету үшін сервистік компаниясымен келісімшарт жасалуы — 1 ұпай;

2.1. Екінші кезеңде 3-5 ұпай жинаған қатысушыларға таңдаулары бойынша ауланың аумағы асфальттандырылады, бейнебақылау немесе подъезге қозғалыс датчиктері бар LED жарықтандыру орнатылады;

6 балл жинаған қатысушыларға ауланың аумағы асфальттандырылып, бейнебақылау және подъезге қозғалыс датчиктері бар LED жарықтандыру орнатылады.

Қатысушылар ақпаратты Т.Ахтанов көшесі, 50-үй, №50 кабинетке «Ақтөбе қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің мамандарына қолма-қол тапсырады немесе aktobe_inspek@mail.ru электрондық поштасына жіберуге болады.

Байланыс телефондары: 41-63-89, 41-63-90.