Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жүлдегерлерді құттықтады

Дата: 19 мая 2018 в 11:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Кеше Ақтөбе қалалық әкімдігінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы аясындағы қалалық байқаудың жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

Жиынға қала әкімі Ілияс Испанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі:

— Өнегелі отбасы — мемлекет тірегі. Еліне жаны ашитын, айналасындағыларға қамқор бола алатын азаматтар береке-бірлігі, жарасымы бар отбасынан өсіп шығады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отбасы құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға зор көңіл бөледі. Елбасы бастамасынан бастау алған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы елімізде жыл сайын өткізіліп келеді. Бүгін осы байқаудың қалалық кезеңінде жүлдегер атанған отбасыларды марапаттағалы отырмыз. Олар облыстық кезеңге жолдама алды, сондықтан алдағы байқауларда сәттіліктер тілейміз, —  деді ол.

Байқауға қатысушылардың бәрі де — үбірлі-шүбірлі, яғни бірнеше буын өкілдері тату-тәтті тірлік кешіп, әр салада жемісті еңбек етіп жүрген жандар.

«Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңіне қатысу үшін, 20 отбасы тілек білдірген, солардың арасынан 8 отбасы іріктеліп, байқауға жіберілді. Жеңімпаздарды анықтау мақсатында құрылған комиссияның шешіміне сай, осы отбасылар арасынан Өзбекбаевтар әулеті жеңімпаз болып табылып, бас жүлдеге ие болды. І орынды — Қабден әулеті, ІІ орынды Қыдырәлиндер отбасы жеңіп алса, ІІІ орынды Мақсат әулеті иемденді.

Қала әкімі жеңімпаз бен жүлдегер отбасыларды дипломдар және арнайы сыйлықтармен марапаттаса, сондай-ақ, байқауға қатысқан барлық отбасыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Индира ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті