Жол бойы оқиғаларына байланысты түсінік берді

Дата: 26 апреля 2018 в 10:42

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жолда болған жағдайлар бойынша баспасөз мәслихаты  өтіп, облыстық ішкі істер департаментінің криминалдық полиция және тергеу басқармаларының  бастықтары Арман Мұхамедияров, Болат Көшқалиев түсінік берді.

Әңгіме үстіміздегі сәуір айының ішінде күре жол бойында орын алған екі оқиға жөнінде болды. «Мерседес Бенц» маркалы шағын автобустың жолаушысына жасалған қарақшылық шабуыл фактісі бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Тәжірибелі мамандардан шұғыл тергеу тобы құрылған. Тергеу амалдары облыстық ішкі істер департаменті мен облыстық прокуратураның бақылауында.

Сондай-ақ  криминалдық полиция және тергеу басқармалары бастықтарының мәлімдеуі бойынша, 19 сәуірде Ақтөбе-Орынбор тасжолының 35-шақырымында болған оқиға бойынша да сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу құпияларына байланысты жарияланбады. Құзырлы орган басшыларының айтуынша, облыс аумағының жолдарында патрульдік бақылау күшейтілген, ахуал құқық қорғау органдарының бақылауында, алаңдауға негіз жоқ.

Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті