Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жәнібектің жастары осал емес

Дата: 19 апреля 2018 в 17:14 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Біз жастардың жұмыспен қамтылуын басты назарда ұстаймыз, оларды жұмысқа орналастыру бойынша ай сайын мониторинг жүргізіп отырмыз. Барлық ауылдық округте «Жастарға –жұмыс!» стендтері орналастырылды. Ол жерде мемлекеттік және азаматтық қызметтердегі бос орындар туралы және вахталық тәсілмен жұмыс жасағысы келетіндерге «Еңбек. кз»  сайтынан алынған ақпараттар ұсынылады. Жалпы аудан бойынша жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,9%-ды құрап отыр.

Өткен жылы 174 жас (2015 жылы-132, 2016 жылы-167) жұмыспен қамтылса, оның 75-і тұрақты, қалғаны уақытша жұмысқа орналастырылды. 53 жас «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында қысқа және ұзақ мерзімді оқуға аттанды. Оның сыртында былтыр ауданда құрылыс және жөндеу  жұмыстарын жүргізген мердігерлермен  меморандум жасалынып, 20-ға жуық жігіт жұмысқа тартылды. Ал бұл бағытта биыл әзірге 14 жас еңбек етуде», — дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Сағынбек Стамов.

Жергілікті атқарушы билік тарапынан өз кәсібін ашуға ниетті жастарды қолдау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, былтыр екі жастың өз шаруа қожалығын ашуға ықпал жасалды, соның нәтижесінде олар «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 27 млн. теңге несие алды. Одан бөлек «Игілік» бағдарламасы аясында 1 адам 4 млн. теңге несиеге, «Береке» бағдарламасы бойынша 9 жас жалпы сомасы 21,8 млн. теңге жеңілдетілген несиеге қолжеткізді. Қазір 3 жас несие алу үшін құжаттарын жинақтауда.

Елдің шетінде, желдің өтінде орналасқан Жәнібекте жас мамандар қатары да жыл өткен сайын артып келеді. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы шеңберінде ауданға 300-ге жуық жігіт пен қыз келді. Оларға 35 млн. теңгеден астам көтерме жәрдемақы берілді. 144 жас маман  тұрғын үймен қамтылды.

«Өз үйім — өлең төсегім» демекші, былтыр баспаналы болғаныма қуаныштымын. Мемлекет тарапынан жастарды қолдау мақсатында көп іс-шара алынып жатыр. Соны анық сезінудеміз. Біз де өз тарапымыздан Қазақстанды дамыту, әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін уақытпен санаспай еңбек ететін боламыз», — дейді жәнібектік жас мұғалім Нұрсұлтан Құсайынов.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале

По сообщению сайта NewTimes