Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Саяси кеңес бюросының отырысы өтті

Дата: 19 апреля 2018 в 12:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің қатысуымен Саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары мен партияның облыстық филиалының  Саяси кеңесі бюросының мүшелері қатысты. 

Саяси кеңес бюро барысында партияның аумақтық кураторларының есептері тыңдалып,  «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан — 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының облыс бойынша орындалуы туралы Ербол Нұрғалиев баяндама жасады.

Алдымен облыстық мәслихаттың депутаты Жеңісгүл Мұхамбетпайызова өзі жетекшілік ететін депутаттық фракцияның «Білім» бағыты бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, комиссияның бір жылдық жұмысын баяндады.

— Қай кезде де, бағдары айқын, болашағы жарқын партияның біздің өңірдегі қадамы тың серпіліспен, жаңа тыныспен алға басуы керек. Осы мақсатта 2017 жылдың басында құрамы 9 адамнан тұратын комиссия жұмыс жоспарын бірге талқылап құрып, орындалу тәртібін белгіледі. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде білім саласын өңірде дамыту бойынша түрлі қадамдарды қамтитын отырыстар және осы іске жауапты тұлғалар комиссия отырысына қатыстырылды. Ақпараттар алынып, ұсыныстар жасалып кейбір ұсыныстар партияның орталық аппаратына жіберілді. Қорытындысы бойынша 6 жоспарланған комиссия отырысы өтіп, «Білім» бағыты бойынша 2 партиялық таңдау, 30 ұсыныс жасалып, оның 19-ы партияның орталық аппаратына жіберілді, — деді Жеңісгүл Мұхамбетпайызова. «Білім» бағытына қатысты тұрғындардан 5 өтініш тіркеліп, бесеуі де оң шешімін тапқан.

Сондай-ақ саяси кеңес бюросы барысында депутат Тәттігүл Талаева «Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңес» бағыты, ал А. Есеркеповтың «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша атқарылған жұмыстарға есеп берді.

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан — 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының орындалуы облыстық жергілікті атқарушы органдарының басты назарында екендігін айтқан облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев бағдарламаны іске асыру мақсатында облыс көлемінде атқарылған бірқатар жұмыстарға тоқталды.

— Бағдарламаның қай бағыты бойынша да біздің өңірде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде соңғы бөлім «Қауіпсіздік және тұрақтылық» бағытына сәйкес облыста 2016 жылдан бастап «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы іске асырылуда. Оның қызметінің нәтижелеріне өңір тұрғындары қанағаттандырарлық баға берді. Аудандарда 4 «десант» ауқымында 7 мың іс-шара өткізіліп, 400 мың адам қамтылды. 14,5 мың адамға нақты көмек берілді. Жоба өңір тұрғындарының күнделікті проблемаларын атаулы және нақты шешуге арналды, — деді Ербол Нұрғалиев. Сондай-ақ ол жоба аясында 317 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, 83 адамға хирургиялық операция жасалып, 1,2 млрд теңгенің 164 бизнес-жобасы қаржыландырылғанын айтты.

Айта кетейік, «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы үстіміздегі жылдың 2 сәуірінен бастап қайта жүзеге асырылуда. Жергілікті мамандардан құрылған жұмыс топтары өз жұмыстарын облыстың 5 ауданында мамырдың 4-іне дейін жалғастыратын болады.

Саяси кеңес бюро отырысын «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дариға Исмағамбетова қорытындылап, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» депутаттық фракциясының жылдық жұмысын бағалады.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті