Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ұлттық ойындар ұлықталып, жәрмеңке ұйымдастырылды

Дата: 17 апреля 2018 в 12:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Өткен сенбі күні Ақтөбе қаласындағы ипподромда ауылшаруашылық жәрмеңкесі мен ат жарыс өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған атқарушы билік өкілдері қатысты.

Жергілікті билік пен ұлттық спорт түрлерінен №3 жасөспірімдер спорт мектебінің  ұйымдастыруымен өткен шараның көрігін теңге ілу, көкпар, тай жарыс сияқты ойындар қыздырды. Ат спорты бойынша ұйымдастырылған жарыстардан бөлек, арқан тартыс сияқты ұлттық сипаттағы ойындарға басымдық берілді. Мерекелік шараның тағы бір ерекшелігі — сыртында «Қымызхана» деген жазуы бар киіз үйдің тігіліп, келушілерді қабылдауы болды. Әрине, бұл қызмет — ақылы. — Ұлттық қолөнер бұйымдарымен жасақталған киіз үйде қазақтың барлық салт-жоралғылары һәм көріністерін қамтуға тырыстық. Мұнда демалып отыруға, асықпай қымыз бен шұбат ішуге болады. Басқа да ұлттық сусындар бар. Ең басты мақсатымыз — ұлттық құндылықтарымызды насихаттау арқылы өзімізге тән кәсіпті дөңгелету. Бағаларға келсек, кез келген тұрғынға қолжетімді деп айта аламын. Осында жаз бойы жұмыс істейміз деп жоспарлап отырмыз, — дейді кәсіпкер Болатбек Ниязов. Киіз үй жанында кішкентайлардың атқа мініп, сейіл құруына да жағдай жасалды.

Сонымен қатар, бұл күні ипподром маңында жергілікті тауар өндірушілер, жылыжай кешендері және шаруа қожалықтары, бас-аяғы 20-дан астам өкілдің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Ақтөбеліктерге ет, сүт, сондай-ақ, кондитер өнімдері және көкөністер сатылды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жәрмеңкеде азық-түліктер, базар бағаларымен салыстырғанда, 10-15 пайызға арзанға ұсынылыпты. Айталық, мұндағы бір келі картоптың құны 100 теңге болса, ал осынша мөлшердегі пияз 60-70 теңгеден саудаланды. Сәбіздің бір келісі — 70-80 теңге.

— Біздің кәсіпорын — облыстағы ірі өндіріс орнының бірі. Біз ұн өнімдерінің 60-тан астам түрін шығарамыз. Және шикізат та өзімізден екенін айтсам деймін. Бұл да болса, бәсекеге қабілеттілігімізді арттырады деп ойлаймыз. Бүгінгі таңда біздің өнімдер көршілес өңірлерге де жеткізіледі, — дейді «Ақтөбе нан» ЖШС-ның өкілі Роза.

Айта кетейік, мерекелік шара ақтөбелік өнерпаздардың  ұйымдастырған концерттік бағдарламасына ұласты.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті