Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жаңа арнаға түсер кез

Дата: 14 апреля 2018 в 13:12

Жаңа 100 оқулық

Нұртаза АБДОЛЛАЕВ,

тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл толды. Осы уақыт ішінде бағдарламадағы іргелі мақсаттар бойынша ауқымды жобалар жүзеге асты. Осындай игілікті істің бірі — «100 жаңа оқулық» жобасы.

Алдыңғы күні Астанада осы жоба бойынша аударылған алғашқы 18 кітап Мемлекет басшысының қатысуымен көпшілікке таныстырылды.

Осының бәріне жол ашқан рухани жаңғыру идеясы өте өзекті және қажетті уақытта дүниеге келді. Бұдан он шақты жыл бұрын ертерек болғанда, мүмкін, тіпті ілгерілеу болар ма еді. Неге десеңіз, біздің көпшілігіміз бұрынғы кеңестік идеологияның көлеңкесінде қалып қойдық. Менің пайымдауымша, халықтың  мінез-құлқы, ой-өрісі, пайымы әлі де кеңестік идеологияның әсерінен толық арылған жоқ. Сондықтан да алдымызға қазір еліміз тәуелсіз болған тұста, өзімізбен өзіміз ел болғанда бүгінгі адамның келбеті қандай болу керек деген мәселе қойылып отыр. Елбасы мақаласының негізгі мақсаты, мазмұны — осы. Ал енді осы жаңаша ойлау түсініктерін, ондағы негізгі түйіндерді халыққа, әсіресе жастарға қалай ұялатамыз? Оған қандай мысалдар бар?  «100 жаңа оқулық» жобасы, менің ойымша, осы міндеттерді көтереді. Жаңа еңбектердің барлығы халыққа ұнамды, жанына жақын тақырыпты қозғайтыны анық.

Жоғары оқу орындарында оқулықтарға байланысты өзекті мәселелері жеткілікті. Көбіміз мұны түсініңкіремей жүрміз. Бұрынғы оқу мен қазіргі оқудың арасында үлкен алшақтықтар бар. Қазір баяғыдай бармақта дақ қалып, күндіз-түні оқитын заман емес. Ол өтіп кетті. Қазір адамның өзі іздеп оқитын уақыты келді. Интернеттің, қалта телефонының, басқа да байланыс құралдарының жемісімен ілгерілейтін кез. Әрине, елде 25 жылдың ішінде бірталай өзгерістер болды. Әлде де осыны ыждағаттау керек. Менің ойымша, елді мекендерді  аралап көріп жүреміз, әлі де көптеген жерлерде сең қозғалмай тұр. Оларда қазіргі заманғы компьютерлер де тұр, бірақ пайдалануды білмейді.

«100 жаңа оқулық» жобасы жастарымызды жаңа арнаға түсіріп, цифрлық технологияны жетік меңгеруге жетелейді.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті