Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбеде «Астана банкі» АҚ филиалы ашылды

Дата: 03 апреля 2018 в 11:12 Категория: Новости экономики

Ақтөбеде  «Астана банкі» АҚ-ның  филиалы ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты.

«Халықтық кеңсе» қоғамдық қызмет көрсету орталығының ғимаратында орналасқан банк филиалының ашылуында қала әкімі Ілияс Испанов жиналғандарды филиалдың ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ Ақтөбеде «Smart city Ақтөбе» жобасы қолға алынып жатқанын, жобаны жүзеге асыруда «Астана банкі» филиалымен бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігі бар екенін айтты. Ақтөбені қауіпсіз және «ақылды» қалаға айналдыру мақсатында қолға алынған жоба қаланың инфрақұрылымын жақсартуға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген. «Астана банкі» АҚ басқарма төрағасы Ескендір Майлыбаев жергілікті атқарушы билік өкілдеріне ризашылығын білдірді.

— Бұл — еліміздің батыс өңірінде ашылып отырған үшінші филиал. Республика бойынша барлығы он филиал жұмыс істейді. «Астана банкі» — жас банк.  Біз жеке клиенттерге де, бизнес серіктестерге де банк қызметтерінің барлық түрін ұсынамыз. Оның ішінде шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру секілді жоспарларымыз бар. Сіз айтып отырған «Smart city» жобасы да бізді қызықтырады, — деген Ескендір Майлыбаев банктің мүмкіндіктерін жан-жақты айтып берді. Сондай-ақ банктің басқарма директоры Айдос Жұмағұлов, директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі Қайрат Айтбаев секілді банк өкілдері ыстық лебіздерін білдірді.

Салтанатты ашылу рәсімінде белгілі әнші Дильназ Ахмадиева ән айтты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті