Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Есенғалидың сексенінші наурызы

Дата: 20 марта 2018 в 01:02

Тура Ұлыстың ұлы күні дүниеге келген Есенғали Ерғалиев биыл сексенінші Наурызын, яғни сексеннің сеңгіріне шығып қарсы алып отыр. Ақсақал жасына жеткен бұл азаматты Ақтөбе жұртшылығы жақсы біледі.

Ол бір кезде ұзақ жылдар облыстық кино басқармасында, облыстық кино жөндеу шеберханасында, облыстық кинофильммен қамтамасыз ететін мекемеде басшылық қызметтер атқарды. Одан кейін 35 жыл бойы Ақтөбе мәдени ағарту училищесінде, гуманитарлық колледжде ұстаздық етіп, мәдениет саласына кадр даярлауда көп еңбек сіңірді.

Осы Есенғали ақсақалдың төрінде үлкейтілген жәдігер сурет тұр. Төрт жасар ұлын көтерген әкесі Ғилымшаның бейнесі.

— Әкемнен сақталып қалған латын әліпбиімен жазылған мына куәлігім, сосын осы сурет. Суретке қараған сайын көңілім бұзылады. 1942 жылы майданға шақырылып, оралмапты. Әскери комиссариаттан үш баламен елде қалған анам Сәлиманың атына ерінің 1944 жылы наурызда белгісіз жағдайда қайтыс болғанын хабарлаған қағаз келген. Қай жерден әкеме топырақ бұйырды? Ол жөнінде дерек жоқ. Білетінім, әкем соғысқа дейін елге сыйлы адам болған. Қолы өте шебер екен. Сол шеберлігінің арқасында жеке шеберхана ұстап, халыққа қызмет еткен.  Қыста шана, жазда арба, ағаштан сандық, кебеже сынды ұлттық бұйымдар жасайды екен. Домбыра жасайтын да өнері болған. Оның үстіне  бұл аспапта шебер ойнаған. Домбыраны шерткенде, өз қолымен ағаштан жасаған ортекені орғытқан. Хат жазып, хат  танитындай сауаты болған. Соғыстан

жазған екі хаты келгенін шешем айтып отырушы еді, Өкінішке қарай, бұл хаттар сақталмаған, — дейді Есенғали аға.

Сексенге келгенмен ойы  сергек, жүріп-тұруы ширақ. Өзінің үй кітапханасы, жиған-терген мұрағаттық құжаттары да біршама бар. Көне суреттерді, газет-журнал қиындыларын, тарихи  кітаптарды,  өзінің арғы тегінен сыр шертетін шежірелерді алға мол  қойды.  Осы құжаттардың ішінен Әбілқайыр ханның тікелей ұрпақтары атынан жазылған хатқа көзіміз түсті. Ақтөбенің белгілі азаматтары қол қойған бұл хатта  Елбасына, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы мен Кіші жүздің ханы, даңқты қолбасшы Әбілқайыр ханның мемориалдық кешенінің ашылуына арналған салтанатты мерекелік іс-шараларға шақырып, құрмет көрсеткендері үшін алғыстарын білдірген. «Біз — бір ұрпақ осы кезге, яғни еліміз тәуелсіздік алғанға дейін, өзіміздің ата-бабамыз, тегіміз туралы айта алмай келген Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың тікелей ұрпақтарымыз. Сол үшін тәуелсіздігімізге тәубе дейміз» деп жазылған хатта.

— Біздің арғы тегіміз Кіші жүздің ханы Әбілқайырдан тарайды. Кешегі кеңес заманында мұны ауызға алуға тыйым салынды. Содан ата-баба естелігін сақтай алмадық. Көбі жоғалды, мынау жеткен жұрнағы ғана. Кеңес өкіметі  хан тұқымын аяусыз қудалауға салғаны белгілі. Еліміздің тәуелсіздік алуымен  өткеніміз қайта оралды. Ғалымдарымыздың біраз еңбектері, энциклопедиялық кітаптар  жазылды. Мұны қайталап жатудың реті жоқ сияқты. Менің атам Ерғали Бақтыгерей сұлтанның баласы, әкем немересі, мен шөбересі боламын. Арғы түбім атақты заңгер Бақытжан Қаратаев, әнші Мұхит Мералыұлы дүниеге келген қаратөбелік болғанмен, бүкіл саналы қызметтік өмірім Ақтөбеде өтті. 56 жылдан бері осы қалада тұрамын, — дейді ақсақал.

Бұл өңірге 1962 жылы сол кездегі Орта Азиядағы жалғыз кино маманын даярлайтын оқу орны — Алматының кинотехникумын бітіріп, арнаулы жолдамамен  облыстық кино басқармасына инженер болып келеді. Бір жылдан кейін Қазақстанның батысындағы үш облыс біріктіріліп, Ақтөбе өлкенің орталығына айналады. Осы кезде, кейін мемлекет және қоғам қайраткері болған Мұхамбетқазы Тәжин басқарған  өлкелік кино басқармасында аға инженер әрі бастықтың орынбасары болып бірге қызмет істейді.

— Мұхамбетқазы сол кездің өзінде екі оқу орнын бітірген, өте сауатты, іскер адам еді. Өлке тарағанша  қарауында сыйласып бірге қызмет істедім.  Гурьев облысына (қазіргі Атырау) басшылық қызметке жоғарылағанда  мені жұмысқа шақырды.  Бірақ бұл кезде мен  пәтерге ие болып, алыстағы шешемді  көшіріп алып,  Ақтөбеге орнығып қалып едім. Орал облысынан қолыма келген шешем: «Атыраудың торғайдай масасына жем болатын жағдайым жоқ» деп, әрі қарай қозғалғысы келмеді.  Ертеректе әкеммен барып, ол жақты көрген екен. Осы жағдайды айтып едім, түсінді. Кейін де, өмірден өткенінше, байланысымыз  үзілген жоқ. Ол кезде балалары кішкентай еді. Бүгінде  ұлының әке жолын қуып, жауапты қызметте жүргеніне сырттай қуанып, тілекші болып отырамын, — деп еске алады  сол жылдарды.

Мұнымен бірге,  «Барлық өнердің ішіндегі біз үшін маңыздысы — кино!» деп ұрандаған кеңестік заманда Ақтөбеде де кино шаруашылығының  дәуірлеп тұрғанын айтады.  Ұзақ жыл осы салада болған Абылай Сапаров, Есенғали Ерғалиев сынды санаулы азаматтар  болмаса, негізінен  кино мамандары, әсіресе, киножөндеу шеберханасы, киномен қамтамасыз ету мекемесінде жұмыс істейтін  мамандар өзге ұлттың өкілдерінен еді. Сондықтан осы мекемелерді басқарған қазақ азаматтарына бұл салада жұмыс істеу оңай болған жоқ. Оның үстіне, бұл кезде шаруашылық есеппен жұмыс істеп, бюджетке көп қаржы түсіретін де осы кино шаруашылығы саласы болатын.

Осымен байланысты алпысыншы жылдардан бастап, өңірде табысты саланы ұлғайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Ақтөбе қаласында «Қазақстан», «Спутник», «Октябрь» кинотеатрлары салынып, пайдалануға берілді. Техникалық, жаңашылдық  жағынан бірінен-бірі жетілдіріле берген бұл театрлардың  қызметін жолға қоюға аға инженер көп еңбек сіңірді. Жетпісінші жылы республикада бірінші болып ауылдық жерде — Ойыл ауданының Жетікөл кеңшарының орталығында  жаңа үлгідегі «Қарылғаш»  кинотеатры пайдалануға берілді. Шалғайдағы бұл кинотеатрдың  жұмысына да осы саланы басқаратын басшы белсене араласып, ауылдағы жаңа мекеменің халыққа өз деңгейінде қызмет  істеуіне мол үлес қосты.

Қызмет істей  жүріп, жоғары білім алған техника саласының басшысы елге қызметін Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінде, одан соң Ақтөбе гуменитарлық колледжінде жалғастырды. Бұл салаға 35 жылын арнап, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі атанып, алғашқы кәсібінің жалғасы ретінде облысқа  клуб қызметкері, әуесқой фото-кино жетекшісі, методист мамандарын даярлады.  Қазір оның біраз шәкірттері  ұлттық телевидениеде, газет -журнал редакцияларында қызмет істеп жүр.

Елу жылдық еңбек өтілімен зейнеткерлікке шыққанда Есенғали ағаның еңбек кітапшасының бір-ақ парағында  атқарған қызметтері туралы жазулар тұрды. Оның осындай табандылығы бүкіл әулетіне дарығандай. Марқұм жолдасы Қуандық  та облыстық баспаханада баспашы болып тапжылмай еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан еді.

Екі ұл, бір қыз тәрбиелеген ата-ана балаларын да кішкентайынан өз қабілеттерін жан-жақты дамытуға дағдыландырған. Алғашқы мамандығы техник, оның үстіне оқу орнында шәкірттерді техникалық құралдарды пайдаланып дәріс беруге  үйреткен  ұстаз осы салаға балаларын да жақсы мамандандырды. Фото түсіруді, киноөнерін, сурет салуды жастай білді. Түрлі спорттық  үйірмелерге де тартты. Ұлдарын коньки тебу, суға жүзу сынды үйірмелерге берсе, қызын хореография, фортепиано мектептеріне оқытып, дәріс алғызды.

Осындай тәрбие көрген бұл отбасының балалары қазір Ақтөбе жұртшылығына кең танымал. Айгүл Ерғалиева —гинеколог, жоғары  санатты дәрігер. Аслан Ерғалиев — медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, Мирлан Ерғалиев — М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің  саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, немересі  Нұралыхан Ерғалиев  өткен жылы осы медициналық институтты  бітірді.

Текті  әулеттен шығып, жақсылардың жалғасы болып келе жатқан Есенғали аға өзі туралы көп айтпай, арғы ата-бабаларын, соғыстан оралмаған әкесін жиі еске алады.

— Ұлыстың ұлы күнін мерекелейміз. Сол Наурыз мерекесі күні туған деп бізді де құрметтеп жатады.  Кешегі кеңестік заманда бабаларымыз, алаш ардақтылары сияқты, бұл Наурыздың өзі де ұмыт қалып келді. Тарих теңізінің толқыны ақиқат маржанын тереңнен таңдап шығарып, ғалымдар еңбегінің нәтижесінде егемен ел болған ұрпағына жеткізді. Осыған тәуба дейік» — дейді ардагер аға.

 Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті