Ақтөбеде қыз зорламақ болған тұрғын 10 жылға қамалды

Дата: 21 февраля 2018 в 16:39 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Zakon.kz

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 36 жастағы ер адамға үкім шықты. Жас қызды қорлап өлтірмек болған ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушының бірнеше баласы бар, деп хабарлайды Аktobenews.kz.

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі, 120 бабының 3 бөлігінің 2 тармағымен кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленген.