Ақтөбе облысында 6 жасар баланың басына мұз құлап, қайтыс болды

Дата: 20 февраля 2018 в 15:09 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Zakon.kz

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Ақши ауылында 6 жасар бала басына мұз құлап қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұз құлаған уақытта бала су мұнарасының жанында болған. Салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

«27 қаңтарда 6 жасқа толған. Өкінішке орай, оқиға болған жерде көз жұмды. Сараптама жүргізу үшін ауруханаға жеткізілді. Ашық бас сүйек-ми зақымын алған баланың өлімі жазатайым оқиға болып тіркелді», — деді Ырғыз аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Гүлайым Малдығұлова.

Ақши ауылы аудан орталығынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан.