Заң үстемдігі — әділеттілік негізі

Дата: 01 февраля 2018 в 03:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Елбасының Жолдауы — мемлекетіміздің әрі қарай ілгері дамуының негізгі бағыттары белгіленген айқын бағдарламалық құжат.

«Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.

Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсаты қойылып отыр. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылып жатқанын жақсы білеміз. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалғаны белгілі болды.

2017 жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алып, индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асырылып жатса, «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы жаңа тың істердің бастауы болмақ.

Жаңа Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындап береді.

Бұл үшін Елбасы 10 міндеттің шешілуі тиістігін айтады. Оларды іске асыруда Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табудағы бағыттарға назар аударады.

Соның бірі 9-шы міндет — жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса беретіндігі айтылды. Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс, сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда, заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейту, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді. Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді, құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды, азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек деген мәселелер алға тартылып отыр.

Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер сапалы әрі тиімді орындалатынына және ол Қазақстанның дамуына жаңа серпін беретініне біз толығымен сенеміз.

Асқар БИСЕНҒАЛИ,

Ырғыз аудандық сотының төрағасы.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті