Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Орташа жалақы мөлшері — 292 мың теңге

Дата: 27 января 2018 в 02:42

Кеше облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов Хромтау ауданындағы «Восход-Oriel» ЖШС жұмысшыларымен кездесіп, өндірістік бағдарламалар мен ұжымдық келісімшарттың орындалу жайын талқылады. Жиынға, сондай-ақ, атқарушы билік өкілдері мен облыстық басқарма басшылары қатысты.

Алдымен аталған серіктестіктің бас директоры Серік Ибатов былтыр, өткен жылдармен салыстырғанда, өнім көлемінің артқанын, соған сай еңбек ұжымындағы жұмысшылардың саны өскенін атап өтті. Шетелдік нарыққа, әсіресе, Ресей, Ұлыбритания, Қытай мемлекеттеріне өнімдерін экспорттайтын кәсіпорынның әлеуеті жыл өткен сайын жақсарып келеді. Серік Ибатовтың сөзінше, былтыр орташа жалақы мөлшері — 292 мың теңгені құраған. Желтоқсан айында қызметкерлерге сыйақы ретінде бір айлық еңбекақысы берілсе, биылдан бастап жалақы 10 пайызға өскен. Әйтсе де, өндірістік жарақат алып, жұмыс орнында оқыс  оқиғаға тап болғандар да жоқ емес. 2017 жылы осындай 5 дерек тіркеліпті.

— Өткен жылы облыс әкімі еңбек адамдарының жалақысына қатысты мәселе көтеріп, жауапты органдарға оның көтерілуін, жалпы лайықты деңгейде берілуін қадағалауға тапсырма берген болатын. Әртүрлі сала мамандарынан құралған жұмыс тобы бұл бойынша тексеріс те жүргізген. Олар әр кәсіпорынмен жекелей жұмыс жүргізді. Осы орайда «Восход-Oriel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы талап-тілекті аяқсыз қалдырмай, қызметкерлерінің жағдайын ойлағаны қуантады. Жұмысшыларды қысқартуға да жол берілмеуі керек.

Өндірістік жарақаттың да алдын алуға күш салуымыз тиіс. Өйткені әр қайғылы жағдай бүтіндей бір отбасының тұрмыс-тіршілігіне, болашағына әсер етеді. Адам өмірі — ең басты қазына. Сондықтан өткен жылдағыдай 5 оқыс жағдайды енді  қайталамауға тырысу керек, — деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

Еңбек қауіпсіздігі, ұжымдық келісімшарт, өндірістік жоспарлардың іске асуы, т.б. сұрақтар қаралған жиынның соңында меморандумға қол қойылып, арадағы әріптестікті одан сайын нығайтуға келісім жасалды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ,

Хромтау ауданы.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті