Үздік оқушылар облыс намысын қорғайды

Дата: 25 января 2018 в 08:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Жақында Ақтөбеде өткен оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты үздіктер қатарынан көрінді. Командалық есеп бойынша аталған білім шаңырағы екінші орын иеленді. Олимпиадаға қатысқан 27 оқушының 24-і жоғары нәтижеге қол жеткізді. Үш оқушы І орын иеленіп, республикалық олимпиадаға  қатысып, облыс намысын қорғайтын болады.

11-сынып оқушысы Гүлжанар Меңдібаева білім бәйгелелерінде осымен үшінші мәрте биіктен көрінді. Мектебіміздің мақтанышы атанған Гүлжанар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық пәндік олимпиаданың және Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың бірнеше мәрте жеңімпазы. Ол бұл жолғы білім бәйгесінде де білімін дәлелдеп, І орын алды. Оқушының ізденушілік-зерттеушілік қабілетін шыңдауда пән мұғалімі Балия Жолаеваның қосқан үлесі зор. Сондай-ақ, республикалық олимпиадаға география пәнінен Аружан Уәли (пән мұғалімі Гүлзира Оспанова) мен тарих пәні бойынша Нәйла Самат та (пән мұғалімі Күнімайгүл Смадияр) қатысып, облыс намысын қорғайтын болады.

Облыстық олимпиада қорытындысында, химия пәнінен сынға түскен Дана Сердалы ІІ орын, Нұрдәулет Телағыс, Есет Сағынаев ІІІ орын иеленсе, математика пәні бойынша Жібек Қарамергенова ІІ орын, Ақарыс Кенжебаев, Жансұлу Әбидолла 2 тур нәтижесі бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Сонымен қатар география, биология, Қазақстан тарихы, орыс тілі пәндері бойынша қатысқан оқушылардың барлығы дерлік өз білімдерін жан-жақты көрсетіп, өзгелерден оза шапты. Бұл — ұстаз бен оқушының бірлескен жұмысының көрінісі, тынбай төккен тер мен еңбектің жемісі.

 Гүлзат МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,

мектеп-интернат мұғалімі.