Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ШҚО-да алты жасар бала наркодиспансерде есепте тұр

Дата: 23 января 2018 в 11:49 Категория: Происшествия

Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер ішімдікке үйір жеткіншекті есепке қойып, жағаларын ұстап отыр. Әлі мектепке бармаған, әріп танымайтын бүлдіршін ата-анасының отырыстарынан кейін стақанның түбінде қалған ащы суды ішіп, мас болып жатады екен. Бұл туралы stan.kz, «Еуразия» бірінші арнасының жаңалықтар қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен, алты жасар ұлдың бұл қылығына кім жауапты, ата-анасына қандай шара қолданылады? Шығыстағы ең кішкентай маскүнем атанған бүлдіршіннің наркодиспансердегі емдеу бағдарламасы да бөлек. Дәрігерлер алты жасар баланы әдбен айықтырып болған соң, бірнеше аптадан бері психологиялық көмек көрсеткен.

«Бұл балаға әртүрлі емдом шаралары жасалды. Оның тәрбиесіне, дамуына көңіл бөлініп, қолдан келгенше емдеп жатырмыз», – дейді психоневрологиялық диспансердің бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Людмила Кошелец.

Кішкентай маскүнемді ең алдымен жедел жәрдем қызметкерлері көрген. Үнемі ата-анасының ырду-дырду отырыстарынан кейін қараусыз қалған бала үстелдегі қалдық арақты ішіп алады екен. Соңғы рет қатты мас болып, оянбай қалған сәби ауруханаға түсіпті.

Шығыс Қазақстандағы мамандар мұндай маскүнемді бірінші рет емдеп отырған жоқ. Былтыр Риддерде жансақтау бөліміне түскен 7 жасар баланың қанынан да ішімдік ішкені анықталған. Артынша, бүлдіршіннің ата-анасының көзінше арақ ішіп, осындай күйге түскені мәлім болды. Ал психологтар баланың көзінше ішімдік ішудің салдарын осыған әкеледі деп топшылайды.

«Отбасында әке-шешесі мас болып отыр. Баланы шөлмек алып кел деп жұмсайды. Ұрып соғады, бала не істейді? Жоғалтады өзін. Үлгі алады ғой әке-шешесінен. Тәрбие жоқ. Тамағы жоқ», – дейді психолог Светлана Құдиярова.

Дегенмен, балалардың ішімдікке әуестігі дәрігерлерді қатты алаңдатып отыр. Өткен жылдары да әлеуметтік желіде тараған көріністер біраз талқыланған еді. Өз қолымен балаларына ащы су құйып, стақан соғыстырған видеосы таралып кеткен кейбір ата-аналар, шөлмектегі арақ емес су деп, ақталуға тырысты.

Әзірге Өскемендегі алты жасар баланың тәрбиесі мен тәртібіне байланысты кімге қандай шара қолданылатыны белгісіз. Жалпы, елімізде кәмелет жасына толмағандардың ішімдік ішіп, есірткі мен психотроптық заттарды қолданғаны үшін ата-аналарға жарты млн-ға дейін айыппұл салынады.


По сообщению сайта Zakon.kz