Ақтөбе қаласының әкімі І.С.Испановтың «Ақтөбе қаласының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттер туралы» есебінің тезистері

Дата: 20 января 2018 в 02:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбе қаласының әкімі І.С.Испановтың «Ақтөбе қаласының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттер туралы» есебінің тезистері

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

Есепті кезең ішінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды.

Өндірістік өнеркәсіптік өнім көлемі 2018 жылдың 1 қаңтарына 523,9 млрд теңге, физикалық көлем индексі 107,9 пайыз құрады.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2017 жылы 146,1 млрд теңге құрады.

Ақтөбе қаласының тұрғындар саны 2017 жылдың 1 желтоқсанына 476084 адам құрады, оның ішінде ауыл тұрғындары — 56710 адам.

БЮДЖЕТ

2017 жылы қалалық бюджеттің кіріс бөлігі 100,6 пайызға орындалды, яғни болжамдағы 31,5 млрд теңгенің орнына 31,7 млрд теңге түсті. Жоспардан тыс 186,5 млн теңге түсті.

2017 жылы қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 77,8 млрд теңге құрады. Жыл қорытындысы бойынша бюджеттің игерілуі 98,1 пайыз құрады. Негізгі қаржыландыру мына салаларға жұмсалды: білім беру — 19 млрд теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту — 2,4 млрд теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық — 7,4 млрд теңге, көлік және коммуникация — 5,1 млрд теңге, құрылыс — 37,9 млрд теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік — 702 млн теңге.

КӘСІПКЕРЛІК

2017 жылдың қорытындысы бойынша 45 мың бірлік шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелді, өсім қарқыны — 104,4 пайыз.

Өткен жылы 33,8 мың бірлік 45 мың бірлік шағын және орта кәсіпкерлік нысаны жұмыс істеді, өсім қарқыны — 105 пайыз.

2017 жылы тауар айналымының көлемі 528,9 млрд теңге, физикалық көлем индексі 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 106,3 пайыз құрады.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті дамыту және қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы көлемі 9,6 млрд теңге құрайтын жеке кәсіпкерлік нысандарының 169 өтініші мақұлданды, оның ішінде:

– 8,6 млрд теңгеге 114 жобаның сыйақы ставкасын субсидиялау бойынша;

– 601 млн теңгеге 45 жобаның несиелерін ішінара кепілдеме бойынша;

– 5,9 млн теңгеге 5 бизнес нысанына гранттар беру бойынша;

– 129,4 млн теңгеге 5 бизнес нысанына жетіспейтін инфрақұрылымдарын жүргізу бойынша.

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында есепті жылы жалпы көлемі 6,6 млрд теңге құрайтын 4 нысан пайдалануға беріліп, 170 жұмыс орны ашылды:

– «Ұлан компаниясы» ЖШС-ның металл конструкциялары, сэндвич-панельдер, брусчаткалар және кірпіштер өндірісі (2017 жылы сәуірде пайдалануға берілді);

– «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС-ның мұнай-газ жабдықтары мен құбырлар өндірісі (2017 жылдың ақпанында іске қосылды)

– «TALAN Technology» ЖШС-ның жарақат қауіпсіздігі жамылғылары өндірісі (2017 жылдың ақпанында пайдалануға берілді);

– «Ақтөбе TOPSA Пласт» ЖШС-ның антифриз және басқа химиялық реагенттер өндірісі (2017 жылдың шілдесінде іске қосылды);

Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс 2017 жылы жалпы көлемі 8,0 млрд теңге құрайтын 6 жоба жүзеге асырылды және 407 жұмыс орны ашылды:

– «Жаңа Әлжан ұн комбинаты» ЖШС-ның макарон өнімдері өндірісін кеңейту;

– «Союз-Гранд» ЖШС-ның қатты тұрмыстық қалдықтарды және оған теңестірілген өнеркәсіптік қалдықтарды сұрыптау жөніндегі өндірістік кешені;

– «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС-ның жылыжай кешені;

– «Нан» шаруа қожалығының тауарлы сүт фермасы;

– «Ақтөбе флор» ЖШС-ның гүл өсіру жылыжайы;

– «Жедель Плюс» ЖШС-ның фасад элементтері бар үш қабатты қабырға блоктарының өндірісі.

Үстіміздегі жылы жалпы көлемі 13,3 млрд теңге құрайтын және 397 жұмыс орны ашылатын 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда:

– «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС-ның керамогранит және керамикалық плиталар өндірісі;

– «ПолиВест» ЖШС-ның полиэтилен пакеттері өндірісі;

– «FIBC Kazakhstan» ЖШС-ның Big bag өндірісі (сусымалы материалдар үшін контейнерлік қапшықтар);

– «GIGANT KZ» ЖШС-ның жүк автомобильдерін неміс технологиясы бойынша қалпына келтіру және қайта жарақтау;

– «Теміржол Жөндеу» ЖШС-ның рельс дәнекерлеу зауытының 1-кезетегі құрылысы;

– «Көктас-Ақтөбе» АҚ-ның силикат зауыты құрылысы.

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН

2017 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі — 22,2 млрд теңге, физикалық көлем индексі 103,6 пайыз құрады, оның ішінде:

– өсімдік шаруашылығының физикалық көлемінің индексі — 104,5 пайыз (12,2 млрд теңге);

– мал шаруашылығының физикалық көлемінің индексі — 102,7 пайыз (10 млрд теңге).

Егін алқабы 20,4 пайызға ұлғайды, қаланың ауыл шаруашылығы құрылымдары 27,1 мың га егін екті, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4,6 мың гектарға көп.

Егін жинау жұмыстарының қорытындысы бойынша дәнді дақылдардың орташа түсімі гектарына 10,2 центнер құрады (барлығы 8100 тонна дәнді дақыл жиналды).

Майлы дақылдар 2157 гектарға егілді, 862 тонна майлы дақыл жиналды, орташа түсім гектарына 4 центнер құрады.

2157 га картоп алқабынан 33,4 мың тонна өнім жиналды, орташа түсім — 190,4 га/ц.

Шаруашылықтар 1406 га көкөніс-бақша дақылдарын отырғызды, олардан 30,8 мың тонна өнім алынды.

2017 жылы жылыжайлар алаңы 25,2 гектарға жетті (2016 жылы 15,6 га болған еді), 7208 тонна көкөніс жиналды, соның нәтижесінде қала тұрғындарының маусым аралығындағы қажеттіліктері толық қамтамасыз етілді.

2016 жылмен салыстырғанда малдың барлық түрі бойынша саны өсті, оның ішінде: мүйізді ірі қара 0,9 пайызға өсіп, 11 мың бас құрады, ұсақ мүйізді мал 2,2 пайызға өсті (22 мың бас), жылқы 3,3 пайызға өсті (2400 бас), шошқа 1,9 пайызға өсті (677 бас). Бруцеллез бен туберкулезге қарсы 36 501 бас мүйізді ірі қара, 30 653 бас ұсақ мүйізді мал тексерілді. Сібір жарасына қарсы 13 650 бас МІҚ, 29 250 бас ҰММ, 2000 жылқы, 500 шошқа және 100 түйе егілді.

Өткен жылы 7040 тонна ет өндірілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға көп. Сондай-ақ 25 385 тонна сүт, 130,8 млн дана жұмыртқа өндірілді.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында 246 бас тауарлы мал алынды, бұл берілген жоспардан 3 есе көп. «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламалары бойынша тапсырмалар 100 пайызға орындалды. «Ырыс» бағдарламасы бойынша жоспардағы 100 бастың орнына 200 бас сүтті бағыттағы торпақ сатып алынды.

Қалада ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жөніндегі жұмыстар тиімді жүргізілуде. Мәселен, 2016 жылы 19 кооператив, 8 АӨК, 2017 жылы 11 АӨК (5 етті және 4 сүтті бағыттағы, 2 дәстүрлі емес, 2 көкөніс, 6 көппрофильді).

2017 жыл ішінде 102 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, онда жалпы көлемі 508,3 млн теңгенің өнімі сатылды.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2018 жылдың 1 қаңтарына құрылыс жұмыстарының көлемі — 69,5 млрд теңге, физикалық көлем индексі 106,8 пайыз құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 5,7 млрд теңгеге көп.

2017 жылы барлық меншік түрінің есебінен 619,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өсім қарқыны — 129 пайыз (2016 жылы 479,3 мың шаршы метр болған еді).

Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламаларының аясында «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында 6 көп қабатты тұрғын үй, 20 аз қабатты тұрғын үй және 124 екі қабатты үй пайдалануға берілді, олардың жалпы алаңы 140,7 мың шаршы метр немесе 2248 пәтер.

Сонымен қатар, 2017 жылы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында жалпы алаңы 65,5 мың шаршы метр немесе 1170 пәтерлік 6 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл үйлердің құрылысы биылғы жылы аяқталады. Сондай-ақ аталмыш ауданда жалпы алаңы 127 мың шаршы метр немесе 1920 пәтерлік 36 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша жалпы алаңы 4100 шаршы метр 115 пәтерлік шағын отбасылық жатақхана пайдалануға берілді.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау және жүргізу бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. 54 жобаның 43-і пайдалануға берілді: 161,9 км сумен қамтамасыз ету желісі, 277,1 км электрмен жабдықтау желісі, 156,2 км газбен қамту желісі, 21,4 км кәріз желісі және 7,3 км жылумен қамту желісі. Биылғы жылы 4 жаңа нысан құрылысы және 2017 жылдан ауысқан 11 нысанды аяқтау жоспарланып отыр.

Қаланың 163 көшесі жарықтандырылған, 13 мыңнан астам жарық нүктелері бар. 2017 жылы 29 көшенің жарықтандыру желілері жөнделіп, тіректер орнатылды, шамдар мен электр желілері алмастырылды.

Үзіліссіз жарықтандыру және оған жұмсалатын шығынды азайту мақсатында қала көшелерін автоматты түрде жарықтандыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде, диспетчерлік пункт орналастырылды. Сыртқы жарықтандыруды автоматты басқару жүйесі диспетчерге жарықтандыру шамасын реттеп отыруға, келеңсіздіктерді онлайн режимінде анықтауға, жөндеуге немесе қажет жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін апаттық бригадаларды жіберуге мүмкіндік береді. 2018 жылы қала көшелерін неғұрлым ауқымды қамту үшін қосымша блоктар алынып, қондырылады.

«Батыс-2», «Нұр Ақтөбе», «Оңтүстік-Батыс» тұрғын массивтерінде және Ғ.Жұбанова көшесінде ұзындығы 5,5 км ағын су канализациясын жүргізу аяқталды. Биылғы жылы Маресьев, Пацаев, Ломоносов көшелерінде ағын су каналдарын салу жоспарлануда.

АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТ

Бүгінгі күні қалада 1690 көп қабатты үй бар, олар 652 үйдің аумағында орналасқан. Өткен жылы 18 үйдің аумағына жөндеу жұмыстарын жүргізу аяқталды, ал биыл 40 көп қабатты тұрғын үйдің аулаларын жөндеу жоспарланып отыр. Аула аумақтарына жалпы құны 43 млн теңге құрайтын 32 балалардың ойын кешені орнатылды.

2017 жылы 1,2 млн данадан астам ағаш пен шіліктер отырғызылды. Қалаға эстетикалық әр беру үшін қала аумағындағы гүлзарлар алаңы 41,9 мың шаршы метрге, газондар алаңы 136,7 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ Абай даңғылы бойындағы скверде «Раушан гүлі аллеясын» жасау үшін бірінші рет көпжылдық раушан гүлдері өсірілді.

Қала аумағында жасыл екпелерді суару үшін 20 су ұңғымасы жұмыс істейді. 2017 жылы 3 су ұңғымасы («Қаржыгерлер» скверінде, «Нұр Ғасыр» мешіті аумағында, Абай даңғылындағы скверде) жөнделді және Абай даңғылы бойында суарудың спринклерлі жүйесі қайта жарақтандырылды. Бұдан басқа, үстіміздегі жылы Мәңгілік алау ауданында, Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі ауданында, «Қаржыгерлер» скверінде, Әбілқайыр хан даңғылындағы саябақ ауданында және басқа жерлерде жалпы алаңы 5 га топырақ астынан суару жұмыстары жүргізілетін болады.

Қаланың келбетін жақсарту үшін соңғы жылдары үйлердің және басқа ғимараттардың сәулеттік-колористикалық әрлендірілуіне, қасбеттерінің декоративтік жарықтандырылуына көп көңіл бөлінуде. Қазіргі заманғы стильде 40 үй безендіріліп, сырланды, оның ішінде 14 үйдің бүйір жақ қабырғаларына графиттер салынды. Әбілқайыр хан және Ә.Молдағұлова даңғылдары, Бөгенбай батыр көшесі бойындағы орталық магистральдарда декоративті ультра жарықтандыру пайда болды. Қаланың көшелері мен даңғылдарында «Сүйікті қалам — Ақтөбе», «100 теңге» монетасы, «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы, басқа да түрлі композициялар секілді әртүрлі бағыттағы шағын сәулеттік нысандар қойылды.

2017 жылы жазғы кезеңде қала жолдарын күтіп ұстаумен 7 мердігер ұйым айналысты. Қысқы кезеңде 15 мердігер кәсіпорын 6,2 млн шаршы метр жолдарды тазартуды жүзеге асыруда, бұл — 200-дей үй, 360-тан астам арнаулы техника.

2017 жылдың мамырында қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонында жаңа қоқыс сұрыптайтын кешен жұмысын бастады. Қазіргі кезде 32 млн теңгеге 33 контейнер алаңы қойылды, 345 бірлік еуроконтейнер сатып алынды. Құны 5,6 млн теңге 297 қоқыс жәшігі алынды.

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

2017 жылы автомобиль жолдарын жөндеуге, яғни 37 жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді, оның ішінде: 7 жоба 2016 жылдан ауысқан, 5 жоба құрылыс бойынша, 13 жоба күрделі жөндеу бойынша, 12 жоба орташа жөндеу бойынша. Жөнделген жолдардың жалпы ұзындығы 28,9 км құрады.

Биылғы жылы жол құрылысы, күрделі және орташа жөндеу бойынша 32 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Қосалқы грунтты жолдарды тиісті жағдайға келтіру үшін 30 нысанға қиыршық тас төсеу бойынша 150 млн теңгенің жұмысы атқарылды.

Бұдан басқа, магистральды көшелерде көлік ағынын азайту үшін М.Мәметова көшесі бойындағы Сазды өзені арқылы көпір құрылысы және Арынов көшесі бойында айналма жол құрылысы, Тургенев көшесі бойынан Ғ.Жұбанова көшесіне дейін жолды қайта жобалау жоспарланды.

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіндер жағдайын жасау мақсатында 3 жерасты өткелдерінің құрылысы басталады: Әбілқайыр хан даңғылы бойында «Ақтөбе Ажары» ТК ауданында, Ә.Молдағұлова даңғылы бойында «ДСК» ауданында және 312-атқыштар дивизиясы даңғылы бойында Автовокзал ауданында.

Бұдан басқа, 146 млн теңгеге жалпы көлемі 22 мың шаршы метр тротуарлар және 19 км бордюрлер салынды.

Қоғамдық көлік жұмысын жақсарту жөнінде шаралар алынды. 52 автобус бағытына үлкен, орташа және шағын сыйымдылқтағы 465 автобус тартылған. Сондай-ақ өткен жылы «ЛиАЗ» маркалы 40 жаңа автобус сатып алынды, қазақстандық өндірістермен 80 жаңа автобусқа шарт жасалды. 19 аялдама павильоны орнатылды, сондай-ақ қаланың орталық көшелеріне тағы да 34 жаңа аялдама павильонын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Бағыттардың шығу кестелерінің сақталуын бақылау, жолаушылар ағынын бақылау мақсатында «Жолаушылар тасымалын бақылау орталығы» ЖШС жұмыс істейді. Барлық тасымалдау автобустары мен шағын автобустарға және 12 мектеп автобусына GPS-трекерлер орнатылды. Қалалықтардың «AktobeBUS» мобильді қосымшасын пайдалануға, қозғалыс кестесін және бағыттағы көліктің қай жерде келе жатқанын білуге мүмкіндігі бар.

 ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ

Бүгінгі күні 120 мыңнан астам азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегінде тұр. 2017 жылдың басынан бері жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10391 жер учаскесі берілді.

2018-2019 жылдары жеке тұрғын үй құрылысы үшін 18000 шамасында жер учаскесін бөлу жоспарлануда.

Пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін түгендеу жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 2017 жылы 35 шаруа қожалығының 7726,32 га ауыл шаруашылығы жерлері, сондай-ақ коммерциялық негіздегі 154,4 га жер анықталды. Анықталған барлық құқықбұзушылық бойынша тиісті шаралар алынды.

Өткен жылы аукцион арқылы 379,41 млн теңгеге жалпы көлемі 57,2 га 99 жер учаскесі сатылды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3 есе көп.

Бұдан басқа, 107 бау-бақша ұжымына түгендеу жұмыстары жүргізілді, соның нәтижесінде жер учаскелерін мақсатты пайдаланбау жағдайлары анықталды. Жекелеген бау-бақша ұжымдарының мәртебесін өзгерту жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы 250 жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысына өткізілді. Биылғы жылы түгендеу жұмыстары 20 бау-бақша ұжымында жалғасады.

БІЛІМ БЕРУ

2017 жылы білім беру саласын қаржыландыру көлемі 19 млрд теңге құрады (2016 жылы 17,6 млрд теңге). Бұл саланы қаржыландыру көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 8 пайызға өсті.

2017-2018 оқу жылының басында Ақтөбе қаласындағы білім беру мекемелері желісі 145 ұйымды құрады.

2017 жылы мемлекеттік білім беру ұйымдары 8 бірлікке көбейді:

– К.Нокин ауылында – 320 орындық №65 орта мектеп;

– Батыс-2 шағын ауданында 320 орындық №63 орта мектеп;

– Батыс-2 шағын ауданында 600 орындық №64 орта мектеп;

– Болашақ шағын ауданында 300 орындық №68 орта мектеп;

– Ақшат ауылында 300 орындық №67 орта мектеп;

– Сазды ауылында 600 орындық №66 орта мектеп;

– Уәлиханов көшесінде №62 орта мектеп;

– №15 орта мектепке жанама құрылыс.

13 білім беру нысанының құрылысы басталды, олар 2018 жаңа оқу жылына пайдалануға беріледі:

– Жаңақоныс ауылында («Бірлік» кварталы) – 300 орындық

– Қызылжар ауылында – 300 орындық;

– Украинка ауылында – 300 орындық;

– Бекқұл баба ауылында – 300 орындық;

– «Рауан» тұрғын массивінде 300 орындық;

– Сүт зауыты ауданында 600 орындық;

– Ясный ауылында 600 орындық;

– «Қанағат» тұрғын массивінде 600 орындық;

– «Шилісай» тұрғын массивінде 600 орындық;

– Ақжар ауылында 900 орындық;

– «Авиатор» тұрғын массивінде 900 орындық;

– «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында 900 орындық;

– №29 орта мектепке жанама құрылыс.

Сондай-ақ 2018 жылы №9, №21 және №27 мектептердің негізгі ғимараттарына үш жанама құрылыс жүргізу жоспарланды.

Қаланың барлық 76 жалпы білім беру мектептерінде жеңілдік санатындағы 6492 оқушыға тегін ыстық тамақ беру ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде Ақтөбе қаласында 140 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді:

– 51 мемлекеттік балабақшаға 15749 бала барады (2016 жылы 15181 сәби);

-мемлекеттік тапсырыс  негізінде жұмыс істейтін 78 мемлекеттік мекеменің 22 жеке балабақшасы тек 2017 жылы ашылды, оларда мемлекеттік тапсырыспен 2236 орын орналастырылған.

– 10 шағын орталықты 501 бала тәрбиеленуде.

2017 жылы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 84 пайыздан 88,7 пайызға дейін ұлғайды.

ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Жаңа өндіріс орындарының ашылуы, бұрынғы өндіріс орындарының кеңейтілуі, шағын және орта бизнестің дамуы 2017 жылы қалада 9457 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берді.

Өткен жылы 12 бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 1127 адам еңбекке орналасты.

2017 жылы Жұмысқа орналастыруға ықпал етудің кешенді жоспарына сәйкес 8 мемлекеттік және салалық бағдарламалардың 86 жобасы бойынша 1522 адам жұмысқа орналасты.

Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру үшін 594,3 млн теңге бөлінді (2018 жылға 633,8 млн теңге қаралып отыр).

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жоспардағы 667 адамның орнына 1258 адам қайта даярлау курсынан өтті.

Бағдарламаның екінші бағытын жүзеге асыру кезінде 81 қатысушыға 733,3 млн теңге көлемінде шағын несие берілді.

Үшінші бағыт «Тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал ету және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек рыногын дамыту» бағыты бойынша есепті жылы:

– әлеуметтік жұмыс орындарына жоспардағы 120 адамның орнына 268 адам жіберілді;

– жастар тәжірибесі бойынша жоспардағы 493 адамның орнына 1043 түлек жұмысқа орналастырылды;

– қоғамдық жұмыстарға 1046 адам жіберілді.

2017 жылы Ақтөбе қаласы бойынша тұрғындарды әлеуметтік қорғау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттерден 1,4 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер төленді.

2018 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,9 пайыз немесе 2123 адам құрады.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ

Қалада 19 мәдениет мекемесі бар, оларда 899 адамды қамтыған 48 үйірме жұмыс істейді.

Қалалықтардың мәдени демалысын ұйымдастыру мақсатында 2017 жылы 1222 мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды, оған 600 мыңнан астам азамат қатысты.

2017 жылы «Геолог» мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді. Биылғы жылы К.Нокин ауылындағы Мәдениет үйін қайта жарақтау және Жаңақоныс ауылында кітапханасы бар Мәдениет үйінің типтік ғимараты құрылысын бастау жоспарлануда.

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласында дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін 554 спорттық нысан жұмыс істейді. Дене шынықтырумен тұрақты айналысатын тұрғындарды қамту 33 пайыз құрайды, оның ішінде 57 пайызы балалар мен жасөспірімдер. 115 спорттық шаралар өткізілді.

Жастардың спорттың күштік түрлеріне және салауатты өмір салтына ынтасын ескере отырып, есепті жылы 17 көше тренажерлары алаңы орнатылды.

Бұдан басқа, құны 554 млн теңге хоккей модулі, құны 1,5 млрд теңге Жекпе-жек сарайы пайдалануға берілді, жобалық құны 3,8 млрд теңге тұратын мұз сарайының құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Сондай-ақ қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында шаңғы-роллер трассасын көркейту жоспарлануда.

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ

Қалада қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

Қала бойынша 10 ҚМДБ филиалы 16 діни бірлестік, оның ішінде 3 православ, 1 католик, 11 христиан-протестанттық, 1 кришнаит бірлестігі жұмыс істейді. Аталған діни бірлестіктерде 24 ғибадат нысаны бар (9 мешіт, 3 православ храмы, 11 христиан-протестант шіркеуі, 1 рим-католик).

Қалада 6 саяси партия, 586 үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Қоғамдық ұйымдар қала тұрғындары, тұтастай алғанда еліміз үшін өзекті мәселелерді талқылауға кеңінен тартылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2017 жылы «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында 6 бағыт бойынша жұмыстар ұйымдастырылып, 16 мың адамды қамтыған 224 шара өткізілді.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ

Ішкі істер органдарының басқарушы компаниялармен және бұқарамен бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша жалпы қылмыс санын 20 пайызға, оның ішінде ауыр қылмыс санын 12 пайызға азайтуға қол жеткізілді. Ауыр қылмыс, ұрлық, тонау, бұзақылық, автокөлік ұрлау деректерін ашу жақсарды. Қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың жалпы саны азайды, алайда әрбір төртінші қылмыс көшеде жасалып отыр.

Көшедегі қылмысты кеміту және олардың ашылуын жақсарту мақсатында патрульдер санын көбейту, сондай-ақ қаланың барлық аудандарында бейнебақылау жүйелерін орнату жөнінде шаралар алынды. Одан басқа, қалалық әкімдік жергілікті полиция қызметіне құқық тәртібін қорғау үшін учаскелік полиция инспекторларына қоғамдық көмекшілер тарту жөнінде ықпал етті. Жоғары оқу орындары мен колледждердің заңгер мамандығы бойынша түлектерінен 203 үміткер іріктеліп алынды, жастар тәжірибесіне бөлінетін қаржы есебінен ақы төленді. Күштік құрылымдардың бұрынғы қызметкерлері, ардагерлер, зейнеткерлер, қаланың белсенді азаматтары тарапынан қоғамдық көмекшілер нақты көмек көрсетуде, олар қоғамдық жат қылықтарға және құқықбұзушылықтарға қарсы күресте полиция қызметкерлеріне іс жүзінде көмек беріп отыр.

2017 жылы барлығы 92 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Салынған айыппұлдар көлемі 626 млн теңге құрады. Қала аумағында жол-көлік оқиғасы 8,5 пайызға кеміді.

 «2017-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Пилоттық «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің 4 өңірінде, оның ішінде Ақтөбе қаласында жүзеге асырылуда. Оның негізі болып «Ел Айна» ядроақпараттық жүйесі табылады.

«Smart Citi Aktobe» аясында мынадай бағыттар бар: «Цифрлы әкімдік», «Цифрлы білім», «Цифрлы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық», «Қауіпсіз қала», «Цифрлы медицина», «Интеллектуальды көлік жүйесі», «Халықтық кеңсе», «Геопортал».

2017 жылдың қыркүйегінде «Халықтық кеңсе» мемлекеттік қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады. Жобаны жүзеге асыру ашықтыққа қол жеткізу жолымен сыбайлас жемқорлықты кемітуге, қолайлылық пен қолжетімділікті қамтамасыз етуге, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Халықтық кеңседе» неғұрлым сапалы және толық қызмет көрсету үшін 20 ұйымның кеңесшілері мен мамандары орналасқан. Мұнда жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы, білім беру, кәсіпкерлікпен айналысу, құрылыс және басқа мәселелер бойынша 600-ден астам қызмет түрі көрсетіледі.

Ақтөбе қаласының әкімі І. Испановтың

2018 жылы есепті кездесулерін өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласы әкімінің есепті кездесулері өтеді.

Ақтөбе қаласының әкімі І. Испановтың

2017 жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесулерінің

КЕСТЕСІ

мен уақыты

(дүйсенбі)

 

сағ. 15.00

 

Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі

(сейсенбі)

 

сағ. 15.00

 

«Геолог» мәдениет үйі

(сәрсенбі)

 

сағ. 15.00

 

Мәдениет үйі

(бейсенбі)

 

сағ. 15.00

 

Новый орта мектебі

(жұма)

 

сағ. 15.00

 

№66 орта мектеп

 

сағ. 15.00

 

 

Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармония

(жұма)

 

сағ. 15.00

 

 

Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театры

 

 Құрметті ақтөбеліктер!

Қала әкіміне өз ұсыныстарыңыз бен сауалдарыңызды қалалық әкімдіктегі 41-63-65 қызу желі телефоны арқылы беруге, esep2018@mail.kz, электронды поштасы арқылы немесе akimat_aktobe Instagram-ға (direct) жолдауға, сондай-ақ төмендегі орындарда арнайы қойылған жәшіктерді пайдалануға болады.

 

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті