Өзбекстан Ақтөбедегі оқыс оқиға орнына ұшақ жібереді

Дата: 18 января 2018 в 15:59 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда болған оқыс оқиға орнына дәрігерлер, СІМ және министрлік қызметкерлерін жіберу үшін ұшақ әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Самара-Шымкент трассасында автобус өртеніп, санаулы адам ғана аман қалды. Төтенше жағдай бүгін Қалыбай ауылынан 10 км және облыс орталығынан 320 км қашықтықта Самара-Шымкент трассасында Астана уақытымен сағат 10.30-да болды. Өзбекстанның 57 азаматы отырған «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртенді. Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жанып жатқан автобустан 5 адам шығып үлгеріпті, 52 адам қайтыс болған. Артынша өртенген автобустан аман шыққан 3 адам – қазақстандықтар екені анықталды.

«Ұшақтың Ташкенттен сағат қаншада және қай бағытта ұшып шығатыны қазақстандық әріптестермен талқыланып жатыр», — дейді агенттіктің әңгімелесушісі.

Оның айтуынша, оқыс оқиға орнына дәрігерлер бригадасы, республиканың СІМ қызметкерлері және ТЖМ өкілдері ұшып барады.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбе облысында автобустағы өрттен зардап шеккендердің аты-жөні белгілі болды, қазір оларды Ақтөбеге алып бара жатыр. Олардың арасында үш жүргізуші, Қазақстан азаматтары – 1985 жылы туған Мақсат Пернебек, 1968 жылы туған Нұржан Қырғызбаев, 1978 жылы туған Барат Таңатаров. Барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Қалған екеуі Өзбекстан азаматы – 1988 жылы туған Ахрор Исаков және 1980 Исроилджан Мырзахметов.


По сообщению сайта Zakon.kz