Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақпараттық топ Қобдада болды

Дата: 18 января 2018 в 02:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақпараттық топ Қобдада болды

Ж О Л Д А У

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау мақсатында облыс әкімдігі тарапынан құрылған ақпараттық топтың құрамында облыстық қаржы басқармасының басшысы Г.Сүйінтаева, облыстық мәслихат депутаты Х.Ілиясов,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Ормаханов, Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Тарих, этнография және археология ғылыми зерттеу орталығының» директоры Д.Әбенов, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «ZEREK» технопаркінің директоры Ж.Сұлтан Қобда ауданында болып қайтты.

Алдымен И.Құрманов атындағы ауылдық округінде болған топ өкілдері тұрғындардың тіршілігімен танысып, халықпен кездесті. Жиында сөз алған топ жетекшісі Гүлқасима Сүйінтаева  бүгінгі таңда еліміздің қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқандығын айтып, Ақтөбе облысының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталды. Облыстың бас қаржыгері айтып өткендей, өңірде өткен жылы әлеуметтік-экономикалық барлық көрсеткіштері бойынша оң динамикаға қол жеткізілген. Оның айтуынша, 2017 жылы Қобда ауданының даму бағдарламасына республикалық және облыстық бюджеттен жалпы сомасы 1 459, 4 ммиллион теңге көлемінде қаражат бөлінген. Оның ішінде 923,5 миллион теңгесі республикалық бюджеттен болса, 535,9 миллион теңге облыстық бюджет қаржысы.

— Бұл жолғы Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу, жетістікке жету жолында не істеу қажеттігін айқындайды. Елбасымыздың өзі атап өткендей, біздің басты мақсатымыз — озық дамыған 30 елдің қатарына кіру. Ол үшін түрлі жұмыстар атқарылып жатыр. 100 нақты қадам — Ұлт жоспары жүзеге асырылып, индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда, — деді қаржы басқармасының басшысы.

Сондай-ақ, Гүлқасима Сүйінтаева ұстаздар қауымына орта білім беру жүйесінің жаңартылған бағдарламаға көшірілуіне орай мұғалімдердің жалақысы қалай өзгеретінін хабарлады.

─ Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен 1-ші, 2-ші, 5-ші және 7-ші сынып ұстаздарының лауазымдық жалақысы көбейеді. Ал қыркүйек айынан бастап, 3-ші, 6-шы және 8-ші сынып мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі. Осылайша, 2019 жылдың қыркүйегінде 4-ші, 9-шы және 10-шы сынып ұстаздарының жалақысы артса, 2020 жылы 11-сынып мұғалімдерінің еңбекақысы жоғарылайды. Үстемеақы көлемі Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқандай, 30 пайызды құрайды. Мысал келтірер болсақ, 15 жылдық еңбек өтілі бар 1-санаттағы қала мұғалімінің жалақысына 24 мың теңге қосылады. Дәл осындай еңбек өтілі бар 1-санаттағы ауыл мұғалімінің жалақысына  25 860 теңге қосылады, ─ деді ол.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Жәнібек Ормаханов Елбасы Жолдауының 8-9-шы тармақтарына тоқталды.

─ Президенттің жыл сайынғы Жолдауы уақыт талабына сай ерекшеленіп отырады. Биылғы Жолдау да соның бір жарқын мысалы. Елбасымыз негізгі 10 бағытқа ден қойып, елімізде жарқын болашақта атқарылуы тиіс жұмыстарды айқындап, әрбір қазақстандықтың алдына нақты міндеттер қойды. Жолдаудың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» аталуының өзі көрсетіп тұрғандай, негізгі екпін шикізаттық тәуелділіктен арылып, жаңа технологияларды дамытуға, сол арқылы ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ басуға беріледі.

Әрине, алдыға қойылған міндеттердің барлығы адами ресурстардың сапасын арттыруды қажет етеді. Соның ішінде, мемлекеттік аппараттың деңгейін жоғарылату, мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін көтеру мәселесі бірінше кезекте болуы тиіс. Бұл бағытта атқарылған жұмыстар аз емес. Дегенмен де әлі де болса жасалуы тиіс дүниелер бар, —  деді ол.

Екі шағын ауыл — Егіндібұлақ пен Бегалыны қосқанда 630-ға жуық тұрғыны бар ауылдық округте барлық инфрақұрылым негізі бар десе де болады. Дегенмен, құрмандықтар үшін басты мәселе — интернет жылдамдығының кемшіндігі. Кез келген уақытта жедел ақпарат алмасып, хабар алысып тұру үшін ауыл тұрғындары облыстық мәслихат депутаты Хайдар Ілиясов танауылға интернет қондырып беруге ықпал етуін сұрады. Бұл мәселенің ойында жүргенін айтқан халық қалаулысы алдағы уақытта шешімін табуға септігін тигізетіндігіне сендірді.

Ақпараттық топ мүшелерінің барлығы да Жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша өздері еңбек ететін сала қызметтеріне сәйкес кеңестер беріп, ойларын ортаға салды.   С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «ZEREZAY» технопаркінің директоры Ж.Сұлтан бұл жолғы Жолдаудың салмақты  ой тастап, нақты бағыт-бағдар ұсынып отырғанын тілге тиек етсе,тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, тарих және археология орталығының директоры Д.Әбенов алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына ену үшін латын қарпіне көшудің маңыздылығын айта келіп, болашақ жастарға тіл білудің ешқандай зияны жоқтығын түсіндірді.

Сонымен қатар, топ мүшелері И.Құрманов атындағы ауылдық округінен өзге, Калиновка, Талдысай ауылдарында болып, аудан орталығының да жұршылығымен кездесті. Калиновка ауылында мектеп жанынан ашылған бөбекжай жұмысымен танысып, Талдысай ауылында мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі негізінде бой көтерген Талдысай фельдшерлік-акушерлік пунктіне бас сұқты.

Ақерке САТЫБАЛДЫ,

Қобда ауданы.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті