Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ортақ мәселелер туралы ой қозғалды

Дата: 18 января 2018 в 01:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ортақ мәселелер туралы ой қозғалды

Ж О Л Д А У

Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын түсіндіруге бағыт ұстаған ақпараттық топ Қосестек, Бадамша, Жосалы, Желтау, Шәмші Қалдаяқов ауылдарында  болып, тұрғындармен кездесті.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары  Қаржаубай Ыбрайымұлы, облыстық мәслихат депутаты, «Ауыл шаруашылығын қаржыландыру қоры» АҚ директоры Гүлжанат Ерғазина, мелекеттік қызмет ардагері Қанатбай Елеусізұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша   департаментінің бас маманы Нұрболат Махмұтов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті Жұмагүл Мақашевалар кездесу барысында Елбасының биылғы Жолдауындағы алға тартылған он міндеттің әр бағытының маңыздылығын жеткізе айтты. Жаңа бағыттағы 10 басымдықтың елдің одан әрі өркендеп, тұрақты дамуын қамтамасыз  ету үшін шешілуі тиіс міндеттер екені түсіндірілді.

Аудан әкімі Рахат Сыдықов Жолдаудан туындайтын міндеттердің жүзеге асырылуы аясында ауданда атқарылатын шаруаларға тоқталды.

Сондай-ақ кездесулер барысында аграрлық саланың  дамуы, ауыл шаруашылығында өндірістік кооперативінің өркендеуі мәселелері де қамтылды.

Елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметкерлердің этикасын сақтау, жастарға тәлім-тәрбие беру, халыққа қызмет ету жағдайлары сөз болды.

Мемлекеттік қызмет ардагері Қанатбай Елеусізұлы жетінші бағыттағы адам капиталы аясында ұлт дәстүрін, тәлім-тәрбиені өрістету туралы ойларын ортаға салды.

 Бақыт ИМАШЕВ,

 Қарғалы ауданы.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті