Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жас кәсіпкер нені білуі керек?

Дата: 18 января 2018 в 00:52

Жас кәсіпкер нені білуі керек?

Кәсіпкер болғысы келетін жас көп. Бірақ олардың көпшілігі кәсіпті неден және қалай бастарын білмейді. Ал бизнесті дөңгелентіп әкетуге ниеті бар, бірақ қолында қаржысы жоқ жас не істеуі керек? Көмекті, кеңесті кімнен сұрағаны жөн? Мемлекет тарапынан кәсіп ашамын деген жастарға шын мәнінде қолдау көрсетіле ме?  Қазір жиі өткізілетін бизнес тренингтердің пайдасы бар ма? Біз осы сұрақтара жауап іздедік.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржановамен сөйлестік.

Шағын бизнестің тиімділігі  неде?

Мемлекеттің алға қойған негізгі индикаторының бірі —  экономикаға, бизнеске қабілетті адамдардың қатарын елу пайызға көбейту, шағын және орта бизнеске азаматтарды көптеп тарту. Себебі ірі бизнес пен кіші бизнестің өз артықшылығы мен кемшілігі бар. Мәселен, ірі бизнеске рельс шығаратын зауытты алайық.  Зауытты ашу үшін үлкен қаржы мен уақыттың керектігі өз алдына, тәуекелге бел буу керек.  Зауыт жұмысын бастағаннан кейін сұраныс болмаса, ол өндірістің өзге бағытқа икемделуі қиын. Ал кіші бизнес — нарықтық экономикадағы ең тиімді табыс көзі. Ол үшін көп ақша қажет емес, әрі тұтынушысы да көп. Егер азамат бір ғимаратты сатып алып, сол жерде шаштараз ашты делік. Ол кәсібін дөңгелентіп табыс тапты. Кейін сұраныс азайып немесе бәсекелестік туған кезде, жұмыс жүйесін тез өзгерте алады. Өзге салаға бейімдеп немесе жаңаша жасақтауы оңай. Мен Еуропада тәжірибе жинақтаған кезде сол елдің шағын және орта бизнестегі адамдардың санын сұраймын. Әрине, шетелде көрсеткіш өте жоғары. Біздің мемлекет те қазір шетелдік тәжірибелерді меңгеріп, үлкен жұмыстарды атқарып жатыр. Оның ішінде жастарға бағытталған жұмыстар бөлек. Жастар іске тез бейімделеді. Олардың бойында күш бар. Егде жастағы кәсіп иелері тәуекелге бара алмайды. Олар көп білген сайын, қорқа түседі, істі әрі қарай кеңейтуге жүрексінеді. «Осыған шүкір» дейді. Ал жас адам алдағы қиындықтарды дұрыс бақылай алмағандықтан, тоқтамайды. Тәуекелге барады, жетістікке жетпей тынбайды. Жастардың осындай жақсы қасиетін мемлекет тиімді пайдалануы  керек.

Шетелдік тәжірибе немесе бизнестің қай түрі сенімді?

Кеңес дәуірінде бизнесті қалай жүргізу керектігін ешкім оқытқан жоқ. Тәуелсіздік алғаннан кейін күнкөрістің қамымен бизнес «оянды». Қазір қалыптасқан, бизнесі бір ізге түскен кәсіпкерлердің барлығы — басын тауға да, тасқа да ұрып, қателікті көріп, содан сабақ алып барып аяққа тұрғандар. Алдағы тұманнан ештеңені көрмей, жобамен жүріп үйренгендер. Ал Еуропада қалай? Ол жақта бизнес алдын ала зерттеледі, тіпті бірнеше ұрпаққа жалғасады және оның түрі көп. Мемлекет кәсіп иелерінің ісін кеңейтуі үшін бірнеше құралдар береді. Шетелдің бизнес тәжірибесін алғаш рет 2008 жылы зерттедім. Германияда бір ай бизнеске көмек көрсету жөнінде тәжірибеден өттім. 2010 жылы Америкада болдым. Сол елдердің индустрияландыру алаңын, гранд, субсидиялау тәсілін көріп қатты қызықтым және осындай тәжірибе бізге қашан келер екен деп ойлаған едім. Ал қазір біздің мемлекет те осы әдістерді қолданып жатыр. Шетелде қандай бизнеске көңіл бөлу керек, не  нәрсені ескеру керек, яғни барлығы жан-жақты қарастырылады. Мәселен, Еуропада отбасылық бизнес мықты, тұрақты әрі сенімді бизнес түрі саналады. Мемлекет тарапынан да оларға сенім жоғары. Себебі отбасының адамдары бір-біріне сенеді әрі қаржыны тиімді жұмсайды. Қиындықтарды бірге жеңеді, уақытпен санаспай жұмыс істейді, бірін-бірі сатпайды, компанияның әрі қарай өсуіне отбасының барлығы бірге атсалысады. Бірде тәжірибе жинақтап қайту  үшін Германиядағы  тиісті орынға бірнеше ақтөбелік компанияны ұсындым. Олар соның ішінде «Бал-Юн» компаниясын таңдап алыпты. Мен «Неге бұл компанияны таңдап алдыңыздар?» деп сұрадым. Сонда олар «Бұл — отбасылық бизнес» деді.  Бизнес ашқысы келетіндер ең бірінші көмекке өз отбасының мүшесін тартқаны жөн.

Нені ескерген жөн?

Жастардың көпшілігі экономист, есепші, заңгер мамандығын оқып алады да ешқандай дайындықсыз бизнеспен шұғылданғысы келеді. Әрине, оның идеясы мықты болуы мүмкін. Бірақ әлемде идеяның үш пайызы ғана жүзеге асатынын ескерсек,  идеяны іске жарату  үшін дайындық керек. Мәселен, Ақтөбеде 850 мың халық болса, оның қанша пайызы сенің тұтынушың болады.Тауар халықтың қай аудиториясына  арналады? Сен сияқты қанша кәсіп иесі бар?  Сен шығарған өнімнің олардан айырмашылығы қандай? Осы сұрақтарды зерделеп, пысықтамаса, жастарға кәсіпкерлікті бастау қиындық тудырады. Себебі жас кәсіпкер жұмысын бастаған кезде нарықта бірден бәсекеге шығады. Ал ол жерде «сен жас екенсің» деп ешкім аямайды.

Былтырдан бастап республикада мектеп бағдарламасына пилотты жоба ретінде кәсіпкерлік негіздері туралы пән енгізілді. Әр облыста бір мектептің бір ғана сыныбына осы пән жыл бойы оқытылады. Біздің өңірде Ақтөбе қаласындағы №20 мектеп-гимназияның 10 «б»-сыныбы таңдап алынды. Осы пән енгізілгеннен кейін оқушыларға бұл пән қызық па, мұғалім қандай білім беріп жатыр деген сұрақтар ойландырды. Оқудың бірінші жартыжылдығы біткеннен кейін балалармен кездесуге бардым. Жай барғаным жоқ, бизнес-тренер ертіп апардым. Өзі жас әрі кәсіпкер жігіт жастарға бар білгенін үйретті. Жетістіктерге қалай жеткенін, ешқандай капиталсыз, «аға-көкесіз» бизнесті қалай ашуға болатынын айтты. Оқушылар қызығып тыңдады.  Жастарға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес мүмкіндіктер де айтылды. Мәселен, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, облыстық кәсіпкерлік басқармасы, «Даму» қоры секілді мемлекеттік орындардан бөлек «Еуропалық даму банкі» туралы түсінік берілді. Мәселен, былтыр ақтөбелік кәсіпкерлер осы банктен 45 миллион теңге грант алды. Ал бұл қандай банк? Қаржы қайдан келіп жатыр? Осының барлығы жастарға айтылды. Оқушыларды банктің Ақтөбедегі өкілдігіне апардық. Әрине, бұлардың барлығы кәсіпкер болмас, бірақ алған білімдері өз өмірлеріне көмегін тигізері анық. Олар нарықты зерделеп үйренеді. Ертеңгі күні осылардың арасынан сауатты, кәсіби білікті бизнес өкілдері өсіп шығады.

Кәсіп алға басу үшін не істеу керек?

Биыл ісін енді бастаған кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бизнес-инкубатор ашылады. Жоба бойынша кәсіпкерлерге ғимарат ішінен орын беріледі. Жалпы кәсіпті енді бастаған азаматтарға ғимаратты сатып алғаннан, оны жалға алған тиімді. Ғимаратты сатып алып, оны ашқаннан кейін ол жерде сұраныс аз болып, табыс түспесе, кәсіпкер шығынға батады. Ғимаратты сату да оңай болмайды әрі ол несиеге алынса, тіпті қиын.  Ал жалға алсаң, ол жерде ісің пайда әкелмесе, заттарыңды жинап, қаланың келесі бөлігіне қоныс аудару оңай.

Сондықтан жастарды осы бизнес-инкубаторға қатысуға шақырамын. Сондай-ақ гранттық бағдарламаларға да қатысуына болады. Ол үшін әбден пісіп-жетілген жоба болуы тиіс әрі ол мемлекеттің проблемасы болмауы керек. Қаржыны алғаннан кейін ол жұмыс істеуі қажет.

Жастардың бизнес-тренингтерге жиі қатысқаны жөн. Білім алу бір басқа, адамдармен әңгімелесу бір бөлек. Былтыр белгілі кәсіпкер Серікбай Бисекеевті шақырып, жастарға тренинг ұйымдастырдық. Өте қызықты өтті.

Жалпы бизнеспен айланысамын деген жас көп ізденуі керек. Ешқандай жасқанбай, мемлекеттік органдарға сұрақтар жіберсін. Мүмкіндікті пайдаланғаны жөн.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті