Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алматыдағы қаңғыбастар үйінде тұрған физик-ғалым жұмысқа орналасты

Дата: 10 января 2018 в 12:19 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматыдағы қаңғыбастар үйінде тұрған 72 жастағы физик-ғалым жұмысқа орналасты. Ол енді Жолдасбеков атындағы «Механика және машинатану» институтында бас менеджер болып қызмет істейді, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

100-ге тарта қызметкері бар ұжым Сапарбай Арыновқа жайлы орын дайындап қойыпты, жалақысы да жаман емес. Қарияның қолға алатын айлығы 100 мың теңгеден асатын көрінеді. Тіпті, қосымша табыс табуына мүмкіндік бар екен. Тағдыр тәлкегіне түскен атақты ғалымның қайтадан еңбекке араласуына білім министрлігінің өзі мұрындық болыпты. Сапарбай Арыновтың өзі бұл ұсынысқа қуана келісім берген. Енді қарт ғалым осы аптадан бастап жұмысқа кіріспек.

«Ғылыми-техникалық ақпараттармен айналысатындай тапсырма беремін деп ойлап отырмын. Осы бағытта өзінің ғылыми бағытына жақын, бізге жақын сол бойынша шолу жасайды. Ол кісі енді тәжірибелі кісі ғой, соның барлығын алып кетеді деген ойдамын. Біздегі машинадағы, басқа да интеллектуалды жүйедегі құбылыстарды, қайсысын өзі жақсы түсініп, алып кетемін десе сол бойынша бағыттап сол жақта айналысатын боламыз»,-деді Ө.Жолдасбеков атындағы «Механика және машинатану» институтының директоры, Амандық Төлешов.

Танымал физиктің аянышты өмірін естіген адамдар, оған барынша қолдау білдіріп жатыр. Бір топ белсенді Сапарбай Арыновқа қаланың орталығындағы қонақүйден 1 айға дейін жалға бөлме алып берген болатын. Қазір қарияны қаладағы жоғарғы оқу орындарының бірінің жатақханасына орналастыру мәселесі шешіліп жатыр екен.

Естеріңізге сала кетсек, физика ғылымында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Сапарбай Арынов, Алматыдағы тұрақты мекені жоқтарға арналған бейімдеу орталығына 2 ай бұрын тап болған. Ақсақал онда келіні күн көрсетпегендіктен барған екен. Өз балалары өзектен тепкен физик-ғалымға көпшілік қол ұшын созуда.


По сообщению сайта Zakon.kz