Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Мейірім бумерангы»: тіркеліңіз, сыйлыққа ие болыңыз!

Дата: 31 декабря 2017 в 06:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Мейірім бумерангы»: тіркеліңіз, сыйлыққа ие болыңыз!

Биыл Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Қазпошта» акционерлік қоғамы «Мейірім бумерангы» акциясын өткізіп жатыр.

«Қазпошта» АҚ облыстық филиалының маркетинг, жарнама және PR cекторының жетекшісі Лилия Годлевскаяның айтуынша, бұл жоба — бұған дейін ұйымдастырылған «Аяз атаға хат» акцияның баламасы.

— «Қазпошта» акционерлік қоғамы 2014 жылдан бастап «Аяз атаға хат» акциясын ұйымдастырып, бұл идеяны көптеген компаниялар мен қоғамдық ұйымдар қолдады. Қазір Жаңа жыл қарсаңында сауда орталықтары «Шырша тілегі» іс-шарасын ұйымдастырып, еріктілер балалардың тілегімен Аяз атаға хаттар жинап жатыр.

Негізі аталған акцияны біз балалар үшін дайындадық. Алайда мереке кезінде балалармен қатар ересектер де хат жазып, біз қазақстандықтардың ғажайыпқа сенетініне тағы бір мәрте куә болдық. Биыл жүзеге асырылып жатқан «Мейірім бумерангы» акцияның негізі ретінде адамдардың бір-біріне сыйлық үлестіретін «Secret Santa» атты рәсімін алып отырмыз. Акция аясында кез келген адам құпия Санта бола алады. Қатысушылар рost.kz сайтына тіркеле отырып, кездейсоқ мекенжайды таңдап алып, сол үйдің иесіне символикалық сыйлық жіберуі тиіс. Кейін қатысушы сыйлығының өтеуі ретінде өз мекенжайына басқа біреуден сыйлық алады. Акция аясында тұрғындар тек тегін сыйлық қана алып қоймай, Жаңа жылда ғажайып, күтпеген қуанышқа ие болады, — дейді Лилия Годлевская.

Ендеше, ақтөбеліктер, Жаңа жыл мерекесінде ерекше сыйлыққа ие болғыңыз келсе,  рost.kz сайтына тіркеліңіз.

Данагүл ҚАЗИХАН.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті