Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Медиа-музей ашылды

Дата: 21 декабря 2017 в 02:12 Категория: Новости культуры

Медиа-музей ашылды

«Аqto’be» телеарнасында медиа-музей ашылды. Бұл — Ақтөбе облысындағы бұқаралық ақпарат құралдарының ортақ музейі. Музейдің ашылуына облыстағы БАҚ өкілдері және сала ардагерлері қатысты.

Медиа-музейдің ашылуында телеарна директоры Ернұр Бурахан жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, музейдің ашылуына, жасақталуына ықпал етіп, көмек көрсеткен журналистер мен телеарнаның ардагерлер кеңесіне алғысын айтты. Медиа-музейдің лентасын «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов және телеарна ардагері Дүйсенбай Мәмбеталин қиды. Телеарнаның ардагері  Бақыт Ешпаева шашу шашты. Жиналған қауым музейді аралап, көрді.

Музей қорын толықтыруға өңірдегі барлық бұқаралық ақпарат құралдары ат салысқан. Мәселен, өңірдегі журналистиканың қара шаңырағы «Ақтөбе» мен «Актюбинский вестник» газеттері тапсырған мұралар қойылған. Телеарна басшылығының айтуынша, ғасыр жасаған басылымдардың алғашқы саны, басқа да мұрағаттық деректерді жинақтау жалғаса бермек. Сондай-ақ «Тандем» радиосы тыңдарманына хабар тарата бастаған алғашқы жылдардың естелігі — бірінші радио басқару пультін медиа-музейге тапсырса, «Эврика» апталық басылымы 1994 жылдың 20 мамырында шыққан тұңғыш нөмірін сыйлапты. Ал «Керек Info» мен «Актобе Таймс» басылымдары  ғарыш кемесінде болған газеттерінің бір данасын әкелген.  «Диапазон» естелік кітабын, фотоаппараттарын музей сөресіне қойыпты. Музей экспонаттарының қатарына «Рика» телеарнасы да лейбл, мерейтойлық белгілерін қосқан. Ал 57 жылдық тарихи бар «Аqto’be» телеарнасының  тарихынан сыр шертетін дүниелер музейдің төрінен орын алған. Оның ішінде қазақ телевизиясының көне жәдігерлерінің орны ерекше. 60-шы жылдардан бері қарайғы бейнекамералар, дыбыс жазу құралдары, кино ленталар, тағы басқа да құрал-жабдықтарды телевизия саласының даму сатысын айқындайтын анықтамалық деуге болады. Мәселен, ленинградтық техниктердің қолынан шыққан «Кинор» камерасы — медиа-музейдің ерекше экспонаты.

Оны облыстық телеарна өткен ғасырдың 60-шы жылдары сатып алған.  30 жылда «Кинор» камерасы арқылы 25 мыңға жуық сюжет түсірілген. «Кинор» — қымбатқа түскен «Конвас» камерасынан кейін сол тұстағы ең заманауи техника саналған. Оны жұмысында қолданған ардагер телеоператорлардың айтуынша, әр қайсысы 30 және 120 метр ұзындықтағы таспалары бар кассеталар арқылы 2 және 10 минуттық бейнематериалдар түсірілетін. Кинокамераның объективі Ленинградта ғарыш телескоптарын шығаратын  «Ломо» оптикалық-механикалық бірлестікте жасалған.

Сондай-ақ медиа-музейде кітапхана да жасақталған. Телеарна басшылығы  кітапхананың қорын толықтыруға ынталы көрерменнің, әріптестердің ниетін қуана қабыл алмақ. Ернұр Бураханның айтуынша, ел өңірлеріндегі аймақтық арналарда өз тарихын танытатын мұражайлар бар болғанымен, бір облыстың бұқаралық ақпарат құралдарына ортақ медиа-музей «Аqto’be» телеарнасында тұңғыш рет ашылып отыр.

Музейдің ашылуына келген ардагер журналистер өз пікірлерін білдірді.

Өткеніңді білмесең, болашағыңды болжай алмайсың. Қай сала болмасын, сол саланың тарихын жинап, сақтап қою —  оңды іс. Бүгінгі ашылып отырған музей облыстың журналистика саласынан сыр шертеді. Аралап жүріп көп дүниені көріп, телеарнадағы жылдарымды еске алдым. Облыстық телеарнаға 1972 жылы диктор болып келіп, кейін барлық саласында жұмыс істедім. Бұл жердегі әрбір зат көзіме ыстық көрінеді, — деген ардагер журналист Бақыт Ешпаева бастаманы құптап, істеріне сәттілік тіледі.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті