Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

17 желтоқсанда Байқоңырдан ресейлік зымыран ұшады

Дата: 15 декабря 2017 в 11:49 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Союз-ФГ» зымыран тасығышы мен «Союз МС-07» басқарылатын ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Гагарин» старт алаңына орнатылды, деп хабарлайды Baq.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшу 17 желтоқсан Мәскеу уақытымен 10.21-ге (Астана уақыты бойынша – 13.21) белгіленген.

Халықаралық ғарыш станциясына ресейлік космонавт Антон Шкаплеров, NASA астронавты Скотт Тингл және JAXA астронавты Норишиге Канаи аттанады. «Союз МС-07» басқарылатын ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен 19 желтоқсанда түйіспек.

Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына үш адамнан тұратын экипажды және керек заттарды жеткізу және оларды Жерге алып қайту үшін жасалған.


По сообщению сайта Zakon.kz