Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Арнаулы станция ашылды

Дата: 13 декабря 2017 в 01:42

Ақтөбеде кәріз суы қалдықтарын төгуге арналған станция ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, «Ақбұлақ» АҚ басшысы Асан Ыбыраев, сондай-ақ, сала мамандары қатысты.

Бұл Ақтөбеде осымен екінші боп салынған станция. Алғашқысы Кірпішті елді мекенінде қазан айында ғана іске қосылған-ды. 41-ші разъезде орналасқан жаңа орталықтың, мамандардың сөзінше, елімізде баламасы жоқ. Құрылыс жұмыстарын «Алыс Стройком» ЖШС атқарған. Бұл мақсатта бюджеттен бөлінген қаржы көлемі — 98 миллион теңге.

Станцияның жұмысымен танысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев:

— Қала қашанда таза болуы керек. Экологиялық қауіпсіздік те аса маңызды. Осы тұрғыдан келгенде, жаңадан ашылып отырған станцияның жұмысы мол жауапкершілікті қажет етеді.

Сіздер күні-түні тұрғындарды сумен қамтамасыз етіп, кәріз жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі үшін еңбек етесіздер. Сіздерге осынау қызметтеріңізге алғысымызды білдіре отырып, келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз, — дей келе, басшылыққа жұмысшылардың жалақысын кешіктірмей, мерекелерде сыйақы беруді ұмытпау керектігін ескертті.

Айта кетейік, шаһардың экологиялық ахуалын жақсартуға өзіндік оң септігін тигізуі тиіс тағы бір станция таяу күндері өз жұмысын бастамақ.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті