Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі бойынша сотты құрметтемеушілік үшін процессуалдық мәжбүрлеу, әсер ету және жауаптылық шараларын қолдану мәселелері

Дата: 11 декабря 2017 в 10:49 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі бойынша сотты құрметтемеушілік үшін процессуалдық мәжбүрлеу, әсер ету және жауаптылық шараларын қолдану мәселелері

 

 Мәжбүрлеу шаралары — процесс қатысушыларына және өзге де тұлғаларға құқыққа қарсы іс әрекет үшін жүктелетін азаматтық процестік құқық нормаларында көзделген санкциялар. Мәжбүрлеу шараларын соттар азаматтық істі қарап, іс бойынша шешім қабылдау барысында әділсот міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қолданады.

 Осындай шараларды соттар соттың шақыруы бойынша келуен бас тарту және сот отырысында тәртіпті бұзу сынды сотқа құрметтемеушілік көрсетілген кезде қолданады. Жасалған құқықққа қарсы іс-әрекет үшін тек бір мәжбүрлеу шарасы ғана қолданылуы мүмкін. Мәжбүрлеу шаралары іске қатысатын тұлғаларға, сот орындаушыларына, әділсотты жүзеге асыруға жәрдемдесетін тұлғаларға, сот отырысына қатысатын тұлғаларға және сот процесінің қатысушысы болып табылмайтын тұлғаларға да қатысты қолданылуы мүмкін.

 1999 жылғы редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (онан әрі — АІК) 119-бабына сәйкес сот отырысына алып келу және сот отырысы залынан шығарып жіберу мәжбүрлеу шаралары ретінде танылатын.

 Жауапкердің сот отырысына тікелей қатысуы барлық жағдайларда міндетті болып табылмайды. Мысалы, жауапкер жазбаша түрде сотты істі оның қатысуынсыз қарау туралы және оған шешімнің көшірмесін жіберу туралы өтініш білдіруге құқылы. Сот істі сот отырысының болатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған жауапкердің қатысуынсыз сырттай өндіріс тәртібінде қарауға құқылы.

 Алайда жекелеген істерді дұрыс қарап, қаралған істер бойынша негізді шешімдерді шығару тараптардың қатысуынсыз мүмкін емес, сондықтан да заңда егер де сот қаралатын істің мән-жайлары бойынша тараптардың сот отырысына қатысуын қажетті деп санаған жағдайда сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алатындығы туралы ереже көзделген (1999 жылғы редакциядағы кодекстің 187-бабының 5-бөлігі).

 Сот отырысына қатысуы міндетті деп танылған, алайда соттың шақыруы бойынша келмегенн жауапкерге қатысты осындай ықылассыз мінез-құлықтың нәтижесінде 1999-жылғы редакциядағы АПК 119-бабына сәйкес келтіру түріндегі мәжбүрлеу шарасы қолданылуы мүмкін.

Сот отырысындағы тәртіпті бұзу үшін судьямен сот отырысы залынан шығарып жіберу түріндегі мәжбүрлеу шарасы қолданылатын.

АПК бекітілген осындай ережелер істердің тез және жан-жақты қаралуына ықпал еткендігін атап өту керек, себебі сот тәжірибесінде талапкердің өкілі іс үшін мәні бар белгілі бір мән-жайларды түсіндіре алмаған жағдайлар орын алған және тиісінше, сот отырысында талапкердің өзін тыңдауды қажет еді.

Тәжірибе мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағым арыз беру не мемлекеттік органдарға қатысты талап арыз түсіру сындыістер бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері сотқа істі олардың қатысуынсыз қарау туралы өтініш беретіндігін көрсетеді, осындайда қатысуға кедергі туғызатын себептірдің дәлелдігі аталмайды, яғни, осындай өтініштерді беру арқылы тараптар істің қалай шешілетіндігіне қызығушылық танытпай, іске қатысу дан қағажуланады.

Осындай жағдайларда қатысуды міндетті деп тану және сот отырысына алып келу сынды іс-шаралар тиімді шаралар болып табылатын.

Сонымен қатар, жаңа редакциядағы АПК аталған мәжбүрлеу шаралары көзделмеген.

Атап айтқанда, кодекстің «Сотқа құрметтемеушілік көрсетілуі үшін жауапкершілік шаралары» тарауында сотқа құрметтемеушілік көрсетілгендігі үшін осы іс-әрекетке кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте көзделген тәртіпте, алайда осы тарауда белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отыра әкімшілік жауапкерші лікке тартылатындығы туралы айтылатын тек екі бап қана көзделген. Егер де сот отырысындағы тәртіпті бұзған тұлғаның іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар болатын болса бұл тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қолданыстағы АПК және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі жобасының нормаларына салыстыруды жасау орынды деп білемін (онан әрі — ӘПК).

Атап айтқанда, ӘПК жобасының Тұжырымдамасына сәйкес әкімшілік сот ісін қазіргі кезде әрекеттегі Мамандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың (онан әрі — МАӘС) негізінде жүргізу жоспарланған, осындайда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жалпы юрисдикциялы соттардың құзыреттілігіне енгізілу көзделген. Әкімшілік сот ісін жүргізу тек басқару саласында ғана туындайтын құқықтық дауларды қараумен айналысатын және азаматтардың, заңды тұлғалар мен ұйымдардың құқықтары мен еркіндіктерінің қорғалуын қамтамасыз ететін сот ісін жүргізудің (әділсоттың) жеке тармағына бөлініп шығарылуы тиіс. МАӘС соттылығынәтижесінде талапкерлердің құқықтары мен еркіндіктері бұзылған не олардың жүзеге асырылуына кедергі жасалған; белгілі бір міндет заңсыз жүктелген, заңды тұлғалардың және өзге де ұйымдардың құқықтық мүдделері бұзылған не олардың бұзылуына жағдайлар жасалған мемлекеттік билік органдарының, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік функциялар жүктелген жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімдері мен іс-әректтеріне (әрекетсіздігіне) шағым арыз беру туралы істерді, сондай-ақ, мемлкеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдары арасында туындайтын даулар енгізілген.

Сөйтіп, МАӘС қазіргі кезде азаматтық соттардың соттылығындағы істердің жекелеген санаттарын қарайтын болады.

Осындайда ӘПК жобасында бірнеше мәжбүрлеу шаралары көзделген дігін атап өту керек:

1) сот отырысы залынан шығарып жіберу (іске қатысатын тұлғалар, сондай-ақ, куә, сарапшы, маман не аудармашы сот отырысындағы тәртіпті бұзған жағдайда ескерту жарияланғаннан кейін төрағалық етуші оны бүкіл істі қарау кезіне немесе істі қарау кезеңінің белгілі бір бөлігінде сот отырысы нан шығартып жіберуге құқылы);

2) мәжбүрлеп әкелу (соттың қаулысы бойынша ішкі істер органдары сот отырысына қатысуы міндетті болып танылған тұлғаларды сотқа мәжбүрлеп әкелу арқылы жүзеге асыратын, сотқа дәлелді себептерсіз келуден жалтару үшін қолданылатын шара);

3) ескерту (тәртіпті бұзатын не сот отырысының қалыпты өтуіне өзге де тәсілмен кедергі туғызатын немесе Азаматтық процестік кодекс ережелерін басқаша бұзатын тұлғаға сот отырысына төрағалық етуші тұлға сотқа құрметтемеушілік танытқандағы үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгендігі, сондай-ақ осы Кодекстің ережелерін бұзуға рұқсат етілмейтіндігі туралы ескертеді);

4) сот айыппұлы.

ӘПК жобасында жасалған іс-әрекеттер үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген жағдайларда сот айыппұлдарын соттар салатындығы көзделген.

Әкімшілік істі қарайтын судья іске қатысатын тұлғаларға келесі жағдайларда айыппұлдар салуға құқылы:

1) сот дәлелсіз себептер деп таныған себептерге байланысты белгіленген мерзімде сот талап еткен дәлелдемені тапсыру міндеттемесі орындалмағанда;

2) процестік міндеттемелердің орындалмағанда;

3) талап арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар бұзылғанда;

4) атқарушылық парақты жоғалтып алынғанда;

5) дауды сотқа дейін реттеу үшін көзделген бір айлық мерзім өткізіліп алғанда;

6) негізсіз қарсылық білдіргенде;

7) процестік құқықтарды теріс пайдаланғанда.

 Жобада сондай-ақ сот мемлекеттік басқару органдарының және ұйымдардың лауазымды тұлғаларына салынған сот айыппұлдары олардың жеке қаражаты есебінен өндіртілетіндігі көзделген. Процестік мәжбүрлеу немесе процестік әсер ету шарасы ретінде салынатын айыппұлдың мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішке тең.

 Оған қоса, Азаматтық процестік кодекстегідей ӘПК жобасында кінәлі тұлғаны сотқа құрметтемеушілік танытқандығы үшін әкімшілік жауапкерші лікке тартуды көздейтін норма бар.

 Осыған байланысты, АПК-ке сот айыппұлын қоса санағанда ӘПК жобасында көзделген шараларға ұқсас, қолданылуы азаматтық істерді қарайтын соттың құқығы болып табылатын шаралар тізімін енгізу туралы мәселені қарастыру ұсынылады.

Ресей Федерациясының үлгісімен басқа шараларға қарағанда айыппұл түріндегі жауапкершілік кеңінен таралған шара. Ол қылмыстық, әкімшілік құқық сынды салаларда қолданылады. Аталған салаларда ол егжей-тегжейлі пысықталып, тәжірибе барысында өкілетті тұлғалармен сәтті қолданылуда, сөйтіп айыппұл өз функцияларын атқаруда. Тиісті ұқсастықтардың бар болуы және салыстыру мүмкіндігі айыппұлды азаматтық процестік жауапкершілік институтының өзекті мәселелерін айқындаудың пәрменді объектісі болып табылады. Осындайда айыппұл жалпы азаматтық процестік құқықтың қорғаушылық тетігінің күйін сипаттайтын құрал болып табылады десек артық айтпаған болармыз.

Жоғарыда айтылғанмен қоса жаңа АПК тұлғаларды сотқа құрметтемеу шілік танытқандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту рәсімінің жеңілде тілгендігін де атап өтуге болады.

Атап айтқанда, сот отырысында процесті жүргізіп отырған судья (сот құрамы) сот отырысы кезінде сотқа құрметтемеушілік фактісін байқаған кезде осы факті туралы, яғни сотқа құрметтемеушілік орын алғандығы туралы бұзушылық айқындалған процесте сот кеңесу бөлмесіне кетпей, сот отырысында сол мезетте құқық бұзушыға жариялайды. Осы факт сот отысырының хаттамасында белгіленеді. Осындайда әкімшілік құқық бұзушы лық туралы хаттама толтырылмайды. Сотқа құрметтемеушілік фактісінің орын алуына себепкер болған тұлға, сондай-ақ, іске қатысқан өзге де тұлғалар өз түсініктемелерін беруге құқылы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны төрағалық етуші судья азаматтық іс бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін кеңесу бөлмесінде әзірлейді, оған судья (сот құрамы) қол қояды.

Сөйтіп, бұрынғы (күшін жойған) және қолданыстағы редакциялардағы Азаматтық процестік кодекстерге, сондай-ақ, Әкімшілік процестік кодекстің жобасына жасалған талдау қолданыстағы АПК-те тарапты сот отырысына қатысуға міндеттеуді көздейтін норма жоқ екендігін көрсетті. Тараптар өздерінің сотқа келмей қалуымен істің сотта қаралуына кедергі туғызатын дығы және ҚР АПК 46-бабының талаптарын бұза отырып, өздері не өз өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етпеу арқылы өздеріне тиесілі құқықтарды жауапсыз жүзеге асыратындағы анық. Осыған байланысты жаңа АПК «сот тараптардың қатысуын міндетті етіп тануға құқылы» және «тараптарды сот отырысына мәжбүрлеп әкелу» туралы тиісті нормалармен толықтырылуы тиіс деп санаймын.

Оған қоса, сотқа судья не сот кезекті сот отырысына қатысуын міндетті деп таныған талапкердің келмей қалуын талап арызды қараусыз қалдыру негіздемелерінің бірі ретінде белгіленуі тиіс деп санаймыз. Осы салдарды даудың мәні болып табылатын объектіге дербес талаптар қойған үшінші тұлғаға қатысты да қолдануға болады.

 

 

Астана қаласы

Алматы аудандық сотының судьясы Искакова А.М.

 

 

По сообщению сайта Zakon.kz