Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Астанада жол қозғалысын реттеушіні көлік қағып кетті

Дата: 05 декабря 2017 в 16:19 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Астанада жол қозғалысын реттеушіні көлік қағып кетті Астанада автокөлік қозғалысын реттеп тұрған инспекторды көлік қағып кетті, — деп хабарлады Sputnik Қазақстан елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты бүгін таңертең сағат 8.30 шамасында Мәңгілік ел даңғылы мен Бұқар жырау көшесінің қиылысында болды.
«Lexus жүргізушісі көктайғақ салдарынан рөлді игере алмай, автокөлік қозғалысын реттеп тұрған инспекторды қағып кетті», — деп хабарлады полициядағылар.
Жол апаты салдарынан полицей дене жарақатын алған, ол ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

По сообщению сайта Zakon.kz

Поделитесь новостью с друзьями