Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Директорлыққа ашық конкурс болды

Дата: 29 ноября 2017 в 00:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбедегі «Халықтық кеңсе» ғимаратында Ақтөбе қаласының мектептері және қосымша білім беру ұйымдары басшысы бос орындарына арналған ашық конкурс өтті. Үміткерлермен әңгімелесу және конкурстық комиссияның жұмысына Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты.

Конкурстық комиссияның төрағасы, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Индира Бексұлтанованың мәлімдеуінше, бұл конкурс қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жүргізіліп отыр. Яғни, білім беру саласында кадрлық саясат жүргізудің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындау тәртібі туралы халықты кеңінен хабардар ету мақсатында жүргізілді. Ашық конкурс бұқаралық ақпарат құралдары мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдері, прокуратура, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы мен Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңестің мүшелері, білім саласындағы бақылау департаментінен бақылаушылардың қатысуымен өткізілді.

Мектеп директорларының бос орындарына 21 үміткер, ал қосымша білім беру ұйымдарының директорларының бос орындарына 8 үміткер құжат тапсырған.

— Мектеп директорларының бос орындарына арналған ашық конкурс биыл  қыркүйек айында ашылған 5 жаңа мектеп және Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі үшін өткізіліп отыр. Сонымен қатар, мектептен тыс мекеме саналатын Шығармашылық академиясы мен «Ақ желкен» аула клубына басшылық қызметке үміткерлер таңдалады. Ашық конкурс кезінде комиссия мүшелері үміткерлермен әңгімелеседі. Бұл жерде барлық үміткер Заң төңірегінде білімдерін дәлелдейтін болады. Комиссия мүшелері балл қою арқылы бағалап,  бірден нәтижесін шығарады. Сөйтіп, комиссия шешімімен жоғары балл жинаған үміткер мектеп басшылығына тағайындалады, — деді И.Бексұлтанова.

Оның айтуынша, конкурс талабы бойынша үміткердің 5 жыл педагогикалық әрі 3 жыл әкімшілік қызметтегі өтілі болуы шарт.

Ашық конкурс алдында Ілияс Испанов қалалық білім білімі басшысына жаңа мектептер ашылған кезде директорларды, олардың  оқу ісі жөніндегі орынбасарын тағайындау мәселесін жылдамдату керектігін тапсырды. Өйткені мектеп директорларының екі бірдей қызметті атқарып жүргені жайындағы кемшіліктер бұған дейін де айтылып, ескертілген.

— Метептерді салғаннан кейін тез тіркеу керек. Тіркелгеннен кейін алдын ала оның қаржылық мәселесін қарау қажет. Биыл қаламызда тағы 2 мектеп ашылса, жаңа оқу жылында 7 мектепті іске қосқан болып есептейміз. Мектеп директорлығына бос орындар үшін ашық конкурстың өтетіні жайында облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде, сондай-ақ білім бөлімінің ресми сайты мен әлеуметтік парақшада жиі-жиі жарияланды. Әрине, қазір мектеп директорлығы қызметін атқару оңай шаруа емес. Білімді болу бір басқа да, қаржылық мүмкіндіктерді игеру мәселесі тағы бар. Яғни, бөлінген қаржыны уақытында игеру, өтінімдерді уақытында тапсыру — ең басты мәселе, — деді І.Испанов.

И.Бексұлтанованың айтуынша, конкурс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде конкурсқа қатысушылардың біліктілігі бағаланып, құжаттарын зерттеу комиссиясының мүшелері қараса, екінші кезең әңгімелесуден тұрады. «Барлық үміткерге  бірдей 10 сұрақ қойылады. Толық жауапқа — 2 балл, толық емес жауапқа — 1 балл, ал жауап бермесе 0 балл қойылады. Үміткерге қойылатын  сұрақтар комиссия мүшелеріне алдын ала белгіленіп берілді, — деді ол.

Жыл соңына дейін Ақтөбе қаласында әрқайсысы 300 орындық 2 мектеп ашылады. Оның бірі — Болашақ ауданында, ал екеншісі Ақшат ауылында бой көтерді. Бұл мектептер жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті